astana-view

Мектеп түлектеріне қаржы сауаттылығы бойынша жаңа пән енгізілді

2020 жылғы 27 Қазан
5010 просмотров

28 қазанда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Atameken Business телеарнасының арнайы жобасы аясында мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелеріне арналған тікелей эфир жүргізіледі

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша өткен жылдың қыркүйек айында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 10 сынып оқушыларына оқытылды, ал 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып оқушылары да бұл пәнді оқи бастады. Жаңа пән Қазақстанның 17 мектебінде сынақтан өтті.

 Тікелей эфирдегі талқылау барысына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жобалық кеңсенің жетекшісі Нуғман Жұлдызбаев, әдіскер Болат Мырзақұлов, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқулығының авторы Ермек Дүйсенханов, сондай-ақ мұғалімдер, сарапшылар мен білім беру ұйымдарының жетекшілері қатысады.

 «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» сабақтарында оқушылар қаржы сауаттылығының мәселелерін, жеке қаржы ресурстарды басқаруды игереді, жеке шағын стартапты өздігінен ұйымдастырып көреді, банк жүйесі, қор нарығы қызметін, халықаралық бизнес мүмкіндіктерін зерттейді. Жалпы білім беру процесіне енгізілген барлық экономикалық тақырыптар оқушылар алынған білімді жеке стартап-жобасын ұйымдастырып, іске асырып, бірден іс жүзінде сынап көруіне мүмкіндік береді.  

 «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлесуімен 2020 жыл 13 шілде мен 28 тамыз аралығында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» педагогикалық мамандарды қайта дайындау курсы бойынша  1789 педагог біліктілікті жоғарылату курсына қатысты. Біліктілікті жоғарылату курсы ZOOM палтформасында онлайн өтті, ұзақтығы – 108 академиялық сағат.

 Бағдарламаның онлайн көрсетілімін Atameken Business телеарнасынан немесе https://inbusiness.kz/ru/tv сілтеме арқылы көруге болады.

 Бағдарламаның қазақ тіліндегі көрсетілімі сағат 10:30-да

Бағдарламаның орыс тіліндегі көрсетілімі сағат 11:30-да


Еншілес ұйымдар

Серіктестер