astana-view

ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс басталды

2020 жылғы 02 Қараша
5547 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ауқымды жұмыс басталды

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы келісімшарттың күшіне ену күні – 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі жылдай уақыт өтті. Осы кезең ішінде Одақтың Кеден кодексіне реттеуді талап ететін мәселелер жиналып қалған.

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында 6 хаттаманы әзірлеу жоспарланған:

  1. Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылғы 11 сәуірдегі Кеден кодексі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы (кешенді).

Оның әзірленуі Одаққа мүше-мемлекеттер және Комиссия ұсынған ұсыныстар пакетін негізге алып іске асырылады.

 2) Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылғы 11 сәуірдегі Кеден кодексі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы (тақырыптық – трансшекаралық электронды интернет сауданы реттеу мәселелері бойынша)

 3) Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің 2010 жылғы 5 шілдедегі кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы.

4) Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының 2010 жылғы 5 шілдедегі қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық істерінде құқықтық көмек және ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы.

 5) Одақтың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісім жобасы.

6) Кеден одағына мүше мемлекеттердің 2011 жылғы 22 маусымдағы кеден қызметтерінің бірлескен алқасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы (Комиссия мен OCTS арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша).

 Пандемияға байланысты орын алған жағдайға байланысты ЕАЭО-да кедендік реттеуді жетілдіру жұмысы бейнеконференциялар арқылы ұйымдастырылған. Қазақстан Республикасынан Одақтың Кеден кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстардың үйлестірушісі болып ҚР Ұлттық экономика министрлігі тағайындалған.

 ЕАЭО Кеден кодексіне түзетулерді талқылау Сарапшылық топ отырысында іске асырылады, оның құрамына Комиссия өкілдері, Одаққа мүше-мемлекеттердің мемлекеттік органдар және бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері кірді. Бүгінгі таңда Сарапшылық топтың құрамы толық бекітілмеген, өйткені Одаққа мүше-мемлекеттердің кейбірі әзірге өз кандитаттарын ұсынбады.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Сарапшылық топ құрамына қосу үшін кәсіпкерлік қоғамдастық: Еуразия сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың одағы;  «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы, «KEGOC» АҚ, Қазақстан кедендік брокерлер/өкілдерінің қауымдастығы,   «Эйр Астана» АҚ атынан 32 кандидатты жіберді .

 2019 жылы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салалық қауымдастықтар және кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, кәсіпкерлер ЕАЭО Кеден кодексіне енгізген түзетулерді дайындау және талқылау, сондай-ақ сарапшылар тобына кандидаттарды ұсыну бойынша жұмысты жүргізді.

 2019 жылдың наурыз-сәуірінде ҚР ҰЭМ алаңында Қазақстан Республикасының шоғырландырылған позициясын қорыту мақсатында Одақтың Кеден кодексіне ҚР  бизнес-қауымдастығы мен мемлекеттік органдары ұсынған өзгерістерді талқылау өткізілді. Талқылау нәтижесі бойынша ҚР мемлекеттік органдары тарапынан қолдау тапқан отандық кәсіпкерлердің түзетулері Қазақстан Республикасының ЕАЭО Кеден кодексіне түзетулер пакетіне енгізіліп, Комиссияның қарауына жіберілді.

  Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Комиссия мен ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің ұсыныстары негізінде құрылған Одақтың Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстардың жиынтық кестесіне 310 түзету енгізілген. ҚР-дан Комиссияға 58 түзету енгізілді, оларлың басым бөлігі қазақстандық кәсіпкерлер тарапынан жіберілген.

Осы жылдың 27-29 қазан аралығында үш күн ішінде Сарапшылық топтың алғашқы жиыны өтті. Сарапшылық топтың отырысында Комиссияның және Одаққа мүше мемлекеттердің ЕАЭО Кеден кодексінің «Жалпы ережелер» I бөлімі бойынша ұсыныстары қаралды. Түзетулер негізінен кодексте қолданылатын терминге қатысты жасалған.

 Эпидемиологиялық күрделі кезеңді, сондай-ақ Комиссияның берілетін IP-мекенжайлар санын шектеуін ескере отырып, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің алаңында өткізілетін Сарапшылық топтың отырыстарына қатысу шектеулі. Кәсіпкерлік қоғамдастықтан Сарапшылық топқа Одақтың Кеден кодексіне енгізілген түзетулердің авторлары ғана қатыса алады. Осы жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

 ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы барлық ақпарат және жиналыс материалдары «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтындағы «ЕАЭО Кеден кодексі» бөлімінде орналастырылады.

 Кеден кодексіне  ескертпелер мен ұсыныстар болса, оларды «Атамекен» ҚР ҰКП-ға мына электронды мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз «info@atameken.kz».

 Сарапшылық топ жұмысына қатысты сұрақтар бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Кеденлік әкімшіліктендіру департаментіне хабарласуға болады.

 Сарапшылық топтың келесі отырысы 2020 жылдың 10, 11, 12 қараша аралығында өтеді.

 Сарапшылық топтың алғашы отырысының хаттамасы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер