astana-view

АҚТАУЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2020 жылғы 03 Қараша
- Маңғыстау облысы
5077 просмотров

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен «Атамекен»  ҰКП 7- ші сьезінің шешімдері ақтаулық шағын және орта бизнес өкілдерімен талқыланды.

Бүгін Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасы алаңында Өңірлік кеңес төрағасы Е.Жаңбыршиннің, палата директоры Р.Мұстапаевтың және мейрамхана, сауда орталықтары мен спорт-сауықтыру кешендері бағытындағы кәсіпкерлердің және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жиналыс өтті.

Алғашқы сөз алған Еділ Терекбайұлы съезде көтерілген мәселелер мен міндеттерді, пандемия кезінде кәсіпкерлік субъектілерге келген қиыншылықтарды және оған көрсетілген қолдауларды, шағын және орта бизнестің еліміздің экономикасын дамытудағы маңыздылығын, Маңғыстауда бизнесті дамытудың негізгі бағыттарын айтып өтті.

Одан кейін кәсіперлерге «Даму» АҚ өкілі бизнесті несиелеудің бағдарламалары туралы ақпарат берді.

Жиын барысында кәсіпкерлер COVID-2019 инфекциясына байланысты карантин кезінде орын алған қиыншылықтарды айтып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

«Олжа» сауда орталығының жалға алушылары қазіргі таңда сауда орындарына төлемді нақты жұмыс жасаған күндеріне ғана жасауды реттеуді және де жалға берушімен келіссөздер жүргізіп беруді өтінді. Сондай-ай, «Байтерек» ойын-сауық орталығында қызмет жасайтын кәсіпкер кинотеатрдың жұмыс уақытын өзгертуді, «Кёкушинкай Каратэ» спорт мектебінің өкілі мектептердің спорт залдарын пайдалануға рұқсат сұрады.  Бұдан басқа мейрамханаларға және сауда орындарындағы шектеулерге байланысты мәселелер сөз болды. Ақтау қаласы бойынша санитарлық-эпедемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Асима Жарылғасова барлық сұрақтарға нақты жауап берді және өз ойларын ортаға салды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің №78 бұйрығында қаралған шараларды өңірлер жеңілдете алмайтындығын, тек қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қатайта алатындығын айтты.

«Денсаулық сақтау министрінің №78 бұйрығына сәйкес, әр түрлі эпидемиологиялық жағдайға байланысты алдын-ала әр бір бизнес саласы бойынша кәсіпкерлермен бірлесіп нақты алгоритім жасақтап қойса, көптеген сұрақтар тумас еді. Сонымен қатар, локдауын жағдайында ғимараттарды жалға берушілер жалға алушылармен жеңілдік беру жөнінде бір ортақ мәмілеге келіп, арнайы жеңілдіктер қарастырса, кәсіпкерлер палатасы осы мәселеде тараптардың басын қосып, келіссөздер жүргізуге дайын. - деді Е.Жаңбыршин.

Басқосу барысында мектеп спорт залдарын пайдалануға тыйымның жоқтығы және кинотеатрлардың уақыттарын реттеуге болатыны анықталды.

Жалып барлық түскен ұсыныстар жинақталып, нақты шешімдер қабылдау үшін жұмыстар жасалынатыны туралы ұйғарым айтылды.

Ертеңнен бастап Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Жаңаөзен қаласы мен аудандарда осындай форматта кездесулер өткізуді бастайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер