astana-view

Биыл Қызылордада Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері әзірлеген құны 2,5 млрд.теңгені құрайтын 188 жоба қаржыландырылды

2020 жылғы 16 Қараша
- Қызылорда облысы
4104 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың «Бизнеске арналған Үкімет» жұмысымен танысуы барысында айтты.

Айта кету керек, Қызылорда қаласы, Қорқыт ата 123 мекен-жайында орналасқан «Бизнеске арналған Үкімет» ғимаратында Кәсіпкерлер палатасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы, инвесторлар орталығы орналасқан.

Қызылорда облысында 1 қазандағы статистикалық ақпарат бойынша 47 447 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда. Өткен жылмен салыстырғанда өсім – 5,4 пайыз. Өңір кәсіпкерлері бүгінде 92470 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Пандемия салдары аймақта өндірілген өнімдердің көлемі төмендеуіне алып келді. Осы жылдың 6 айында шағын және орта кәсіпкерлікте 144,5 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,7 пайызға аз. Төтенше жағдай, карантин кезеңдерінде Кәсіпкерлер палатасы жұмысын тоқтатқан емес. Бизнес өкілдеріне жан-жақты көмек көрсетті. Елімізде төтенше жағдай енгізілген кезеңнің алғашқы күндерінде Палата мамандары блок-посттарда тұрып кәсіпкерлердің кедергісіз жұмыс жасауын ұйымдастыру мақсатында ручной режимде жұмыс жасады. Көрші Түркістан облысы көкөністерді шығаруға шектеу жасағанда мәселені облыс әкімдігіне жеткізіп, азық-түліктің кедергісіз өңірге кіруіне жағдай жасады», - деді кездесуде Палата басшысы.

Ғалымбек Жақсылықов, Еуразиялық экономикалық комиссия күрішті өзге елдерге тыйым салу тетіктерін қарастырып жатқан шақта Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары күрішшілермен бірге дабыл қағып, мәселені дер кезінде Үкіметке жеткізгендігін, осылайша қызылордалық кәсіпкерлер күрішті кедергісіз экспортқа шығару мүмкіндігіне ие болғандығын айтты. Нәтижесінде осы жылдың 9 айында облыстан жалпы құны 19 млн. долларды немесе 8,2 млрд.теңгені құрайтын 74,8 мың тонна күріш экспортталған.

Палата директоры өңірде сертификат алушы отандық тауарөндірушілер санының артқандығын да атап өтті. 10 айдың қорытындысы бойынша қызылордалық кәсіпкерлер экспортқа 1120 сертификат алған. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 47 пайыз. 90 СТ-KZ сертификат берілген. Өсім 41 пайыз.

Елдегі шектеу шараларына қарамастан Палата мамандары кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтерді тоқтатқан емес. Бұрын қызметтер офлайн көрсетілсе, жағдайды ескере келе онлайн қызметтерге де басымдық берілуде.

«Бастау» (2181) және «Бизнес мектеп» (561) жобасы бойынша облыс бойынша 2742 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Оқыған азаматтардың 98 пайызы біліктілігін онлайн жетілдірді.

Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері 10 айда 3324 кәсіпкерлік субъектісіне 6063 кеңес беріп, 1335 кәсіпкердің бухгалтерлік есептерін тапсырды, электронды кілтін алып берді, мемлекеттік сатып алуға қатысуына жағдай жасады.

Палата кеңесшілері биылғы жылы кәсіпкерлерге 487 бизнес жоспар әзірлеп берді. Соның ішінде жалпы құны 2,5 млрд.теңгені құрайтын 188 жоба қаржыландырылды. 56 жоба мақұлданды.

Биыл «Бастау» жобасын оқыған азаматтардың 42 пайызының жобасы, нақтырақ айтқанда жалпы құны 515,9 млн.теңгені құрайтын 914 жоба қаржыландырылды. Басым бөлігі «Еңбек» бағдарламасы аясында қайтарымсыз қаржы – грант иегері.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша облыстың жобалық кеңсесінде құны 16,5 млрд.теңгені құрайтын 160 жоба бар. Бүгінде 9 млрд.теңгені құрайтын 110 жоба мақұлданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер