astana-view

Абылай Мырзахметов тауарларды таңбалау туралы: бизнеске артық салмақ артудың қажеті жоқ

2020 жылғы 17 Қараша
4007 просмотров

Тауарларды таңбалау кәсібін адал жүргізетін  кәсіпкерлер үшін тең жағдай қамтамасыз етуі мүмкін. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Үкімет отырысында айтты

«Тауарлардың көлеңкелі айналымын қысқарту, сондай-ақ айналымды бақылау үшін бизнес-процестерді жолға қою арқылы кәсібін адал  жүргізетін кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізуде тең жағдай жасалуы мүмкін», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Бизнесті мүддесін көздеп, мемлекеттік органдардың қолдауымен Ұлттық палата ЕАЭО актілері мен таңбалау мәселелері бойынша ұлттық заңнамаға негізгі нормаларды енгізді. Атап айтқанда, әр мемлекет өз аумағында таңбалауды енгізудің күнін өзі белгілей алуы, пилоттық жобаларды міндетті жүргізу, таңбалауға жататын тауарлар тізімін, сондай-ақ таңбалау кодтары құнын ҮКП және бизнес-қоғамдастықпен мақұлдау.

Абылай Мырзахметов таңбалауға жатататын тауарлар тізімін анықтауда бизнеске артық салмақ салмайтын экономикалық тұрғыда негізделген мақсаттылықты назарға алу қажеттігін атап өтті.

Сүт өнімдерін таңбалауда Ұлттық палата басшысы басымдық – экспортталатын өнімдерге берілуін баса айтты. Мұндай шара ЕАЭО нарығын сақтау үшін жасалуда. Ішкі нарыққа келетін болсақ, мұнда міндетті таңбалау қажет етілмейді.

Абылай Мырзахметовтың айтуынша, ЕАЭО елдері ішінен таңбалау енгізген мемлекеттерде таңбаланбай келетін тауарлардан ішкі нарықты қорғау үшін  қазірдің өзінде техникалық реттеу, ветеринарлық сертификаттар, электронды шот-фактуралар сияқты құралдар бар.

«Қорытындылай келе, бизнестің таңбалауға қатысты ұсыныстарын атап өтпекпін. Кәсіпкерлер үшін бұл процедура шығынды, сондықтан мемлекет қолдау көрсетсе дейміз. Аталған ситуацияда таңбалауды енгізу шығындарын азайту үшін қолдау құралдары мен бизнесті ынталандыру қажет. Бизнес таңбалауды енгізуде алдын ала есептеулер жасады, мәселен, фармацевтикаға 13 млрд теңге, аяқ киім секторында – 1,6 млрд теңге, сүт өнімдері саласына 9,7 млрд теңге қажет», – деді Абылай Мырзахметов.

«Таңбалаудың қадағалануы бойынша мақсаттарын қамтамасыз ету үшін барлық сауда нүктелерін таңбалау жүйесіне қосу мәселелерін шешу қажет. Кәсіпкерлер бұл жұмысқа қосылуға дайын», - деп түйіндеді Абылай Мырзахметов.

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер