astana-view

Беларусь-Қазақстан іскерлік кеңесінің отырысы онлайн режимде өтеді

2020 жылғы 20 Қараша
6186 просмотров

24 қарашада Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Беларусь сауда-өнеркәсіп палатасының бастамасын Беларусь-Қазақстан іскерлік кеңесінің отырысы өтеді, іс-шараны Беларусь сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Владимир Улахович және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Аян Еренов ашады

 Іс-шараға Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпин және Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев, мемлекеттік органдардың және екі елдің іскерік ортасының өкілдері қатысады.

Іскерлік кеңес барысында тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылайды, пандемияда жұмыс істеу және дағдарыстық салдарын еңсеру бойынша тәжірибе алмасады.

 Беларусь және Қазақстан кәсіпорындарының өкілдері онлайн отырыс кезінде спикерлерге сауал қойып, байланыс деректермен алмаса алады.

 Іс-шара Zoom бағдарламасы арқылы өтеді.

 Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00-де өтеді.

 Іс-шара бағдарламасы 

Тіркеу:


Еншілес ұйымдар

Серіктестер