astana-view

Павлодарда кәсіпкерлер мен санитарлық дәрігерлердің кезекті кездесуі өтті

2020 жылғы 05 Желтоқсан
- Павлодар облысы
3739 просмотров

Қызмет көрсету саласының кәсіпкерлері: дамыту және оқу орталықтары, фитнес орталықтар, жеке балабақшалар, спорт секциялары, моншалар, сауналардың иелері өздерінің шектеу шараларына байланысты мәселелерін айтты, сонымен қатар карантиндік шараларды жеңілдету мүмкіндігін қозғады

Айта кетелік, Павлодар облысы әлі де «қызыл аймақта» тұр. Санитарлық дәрігерлер қатаң шектеу шараларын жеңілдетуге асығар емес.  

 «Бұл санитралық дәрігерлер кәсіпкерлермен өткізген үшінші кездесуі. Дәрігерлерге бірінші кезекте шектеу шаралары не үшін енгізілгенін түсіндіреді. Адамдардың топтасуы қоғамдық көлікте, халыққа қызмет көрсету орталықтарында байқалатынын түсінеміз. Алайда, өңір «қызыл аймақта» тұр, сондықтан санитарлық дәрігерлердің қолы байлаулы. Бұл ретте бизнеспен әр кездесуде біз қолданыстағы шектеулерді одан әрі жұмсарту үшін бірқатар түзетулер енгізуге тырысып, санитарлық қызметпен жұмыс істейміз», – деді «Атамекен» ӨКП директоры Олег Крук. 

«SmartKids» жеке балабақшаның жетекшісі жеке балабақшалардың атынан сөйледі:

«Қазір балабақшаға ата-аналарды кіргізбейміз, балаларды есіктен қабылдаймыз. Павлодарда күн суық, жеңілдіктер бол ма, ата-аналарға балабақшаға кіруге рұқсат беріле ме? Қазіргі кезде топтарда 15 баладан. Бала санын ең болмағанда 20 балаға дейін өсіру жоспарланып отырма?»

 Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнара Ақылбекова қазіргі уақытта ата-аналардың балабақша ғимаратына кіруі мүмкін емес екенін атап өтті.

 «Балабақша ғимараттарының сәулеттік ерекшеліктерін ескере отырып, инфекция кіргізу қаупі жоғары, балалармен ата-аналардың бір мезгілде нысанда болуы салдарынан адам саны топталып қалады. Бұл мәжбүрлі шара. Қазір балабақшалар кезекші топтар режимінде жұмыс істейді. Егер типтік балабақша болса, онда әр балаға 3 шаршы метр есептеледі, егер бейімделген ғимарат болса 4 шаршы метр», – деді Гүлнара Ақылбекова.

 Екібастұз қаласының авто бөлшек сатушылары демалыс және мереке күндері жұмыс істей алмайтындарын айтып, осы күндері жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрады. Авто бөлшек сатушыларды ӨКП директоры Олег Крук қолдады, өйткені ауыл шаруашылығы өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасы бөлшектеріне қол жетімдігі болуы керек.

Шербақты ауданының кәсіпкері  Қанат Сейтахметов те демалыс және мереке күндері  жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрады.  
Санитарлық қызметтер өңірде эпидемиологиялық ахуал жақсарса жеңілдіктер жасалатынын алға тартты.

Павлодар қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бастығы Александр Сафяников мектеп оқушылары арасында індетке шалдыққандар саны артып келе жатқанын айтты. Сондықтан 7 желтоқсаннан бастап Павлодар, Ақсу Екібастұз қалаларының кезекші топтарда оқыған 1-4 сыныптағы оқушылар онлайнға ауысады.

Павлодарға қаулы 7 желтоқсаннан бастап жылдың аяғына дейін күшіне енеді.

Күндізгі режимде балалар білім беру орталықтарының, үйірмелерінің, мектептен тыс және қосымша білім беру объектілерінің қызметіне тыйым салынады. Өзгерістер балабақшалардың жұмысына қолданылмайды. Мұнда кезекші топтар әлі жұмыс істейді. Сондай-ақ, өзгерістер облыстың аймақтарына қолданылмайды.

«Арбатский» монша кешенінің өкілі Елена Смык 5 ай бойы жұмыс істемей тұру кезеңінде коммуналдық және банктік төлемдер бойынша қарыз жиналғанын айтты. Енді жұмысқа рұқсат етілген, бірақ уақыт шектеулері бар әрі демалыс күндеріне тыйым салынған.  Монша бизнесінің кәсіпкерлері жұмыс уақытын ұзартуды сұрайды.

 Олег Крук кәсіпкерлермен кездесулер негізінде «Атамекен» өңірлік палатасы өңірлік штаб отырысына шығарылатын ұсыныстар дайындалғанын атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер