astana-view

ҚР Президентінің «Алтын сапа-2020» сыйлығының лауреаттары аталды

2020 жылғы 11 Желтоқсан
8796 просмотров

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың қатысуымен өтті.

 Жеңімпаздар «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»,  «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын»,  «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»,  «Азық-түлік тауарлары және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын» төрт аталым бойынша, ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектісі санаты бойынша анықталды.

 Сонымен қатар «Алтын сапа» сыйлығының «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығы берілді. «Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену байқауының жеңімпаздары және «Іскер» арнайы сыйлығының 2020 жылғы лауреаттары анықталып, Supplier of the Year – 2020 байқауының «Бизнес кемелділік» сыйлығы табысталды.

 Марапаттау салтанаты барысында өнімнің сапасы мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін берілетін ТМД сыйлығы байқауының 2019 жылғы (байқау 2 жылда бір рет жүргізіледі) дипломанттары мен «Аруана» бизнес құрметі» сыйлығының иегерлері аталды. (жеңімпаздар, лауреаттар мен дипломанттардың толық тізімі төменде берілген).

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес "Алтын сапа" сыйлығын алу байқауы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»,  «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын»,  «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»,  «Азық-түлік тауарлары және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын» төрт аталым бойынша өтеді.

Жарғыға сәйкес байқаудың  «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығы қарастырылған.

 Әр аталым шағын кәсіпкерлік субъектісі, орта кәсіпкерлік субъектісі және ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.

Аталған байқау 2006 жылдан бері өткізіледі. Оған республикадан 2 200 астам кәсіпорын қатысты.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы лауреаттарының

ТІЗІМІ

 

«Алтын сапа» сыйлығының арнайы сыйлықтарының лауреаттары

 

Үздік индустриялық жоба

«КЕЛЕТ» АҚ

(жылытуға және желдетуге, өртті сөндіруге, сумен жабдықтауға арналған жабдық) Алматы қаласы

Үздік инновациялық жоба

 «KSP Steel» ЖШС Павлодар филиалы (металдан жасалған тігіссіз құбырлар)

 Павлодар облысы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауының лауреаттары

Аталым

Ірі кәсіпкерлік субъектілері

Орта кәсіпкерлік субъектілері

Шағын кәсіпкерлік субъектілері

Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын

«АЗМК» ЖШС

(көпір салуға арналған конструкциялар )

Алматы қаласы           

«МАКС  ДОРСТРОЙСЕРВИС – 21» ЖШС (жол-құрылыс материалдары)

Алматы облысы

«Стадболт Мануфактуринг» ЖШС

(нығайту материалдары (бұрмалар, болттар)

Атырау облысы

Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын 

«GrandMiks» ЖШС

 (корпусты жиһаз)

Түркістан облысы

«ПО «Глобал-Спецодежда» ЖШС

(спецодежда, текстиль)

Ақтөбе облысы

 «Дана-Дель» ЖК

(ұлттық арнайы киім және тігін бұйымдары)

Жамбыл облысы

Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын

 

«Университет «Туран» мекемесі (білім беру қызметі)

г. Алматы

«СКФ «Отделстрой» ЖШС

(тұрғын және өндірістік ғимараттардың құрылысы)

БҚО

 «Центр Элит-НС» ЖШС

(полиграфиялық қызметтер)

Нұр-Сұлтан қаласы

Азық-түлік тауарлары және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығарушы үздік кәсіпорын

«Ақсай» НТК» ЖШС

(нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер) Алматы қаласы

«Нәтиже «Сүт Фабрикасы» ЖШС (сүт өңдеу, сүт өнімдері)

Қарағанды облысы

 «Пасека» шаруа қожалығы (омарта)             ШҚО

 

«Алтын сапа» сыйлығы лауреаттарын марапаттау салтанаты аясында арнайы байқаулар жеңімпаздарының тізімі

 

 

  «Ұлы дала елі» ортақ брендін иелену байқауының 2020 жылғы жеңімпаздары

Supplier of the Year – 2020» байқауының «Бизнес кемелдік» сыйлығы

 «Іскер» арнайы сыйлығының лауреаттары

1

«Iron Concentrate Company» ЖШС,

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

«ANTARIUM GROUP» ЖШС

Нұр-Сұлтан қаласы

(мұнай-газ және тау-кен компаниялары үшін күрделілігі жоғарырақ жобаларды іске асыратын құрылыс-монтаждау компаниясы)

«ТМК-Казтрубпром» ЖШС,

БҚО

(шегенді және сорғы-компрессорлы құбырларға бұрандалы байланыстарды зерлеу)

2

«Kaz-Ir Agro» ЖШС, Жамбыл облысы Шу ауданы, Бірлік ауылы

 

 «Мехлитком» ЖШС,

Қостанай облысы

(құйма өндірісі)

3

«Kaz Organic Product» ЖШС

Алматы облысы Қапшағай қаласы

 

«Изолит» ЖШС,

СҚО

(электр оқшаулау материалдары)

 

 

 

«Әлем-БТ» ЖШС,

Шымкент қаласы

(нәски-шұлық өндірісі)

 

 

 

«Мимиорики» ЖШС,

Алматы қаласы

(тігін бұйымдары)

 

 

 

«Абишев» ЖК,

 Нұр-Сұлтан қаласы

(ұлттық сахна киімі)

 

 

 

«Kazyna Gold» зергерлік компаниясы» ЖШС,

Нұр-Сұлтан қаласы

 

(зергерлік бұйымдар мен кәдесыйлар)

 

 

 

«OPTIMUM» жобалау институты» ЖШС,

Маңғыстау облысы

(инжинирингтік қызметтер)

 

 

 

«Абай Дәулет» ЖШС,

Қызылорда облысы

(күріш өсіру)

 

 

 

 

«Inter Trade» ЖШС,

Ақмола облысы

(бидай ұны мен құрама жем өндірісі)

 

 

 

Өнімнің сапасы мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін берілетін ТМД сыйлығы байқауының дипломанттары (байқау 2 жылда бір рет өткізіледі)

ТМД сыйлығы байқауының дипломанттары

ТМД сыйлығы байқауының лауреаттары

«Азық-түлік  тауарлар және ауылшаруашылық өнімдер өндірісі» аталымы

«Рыбпром» ЖШС,

Алматы облысы

(Қызмет түрі – балық  өндіру, өңдеу және сату)

«Қызмет көрсету» аталымы  

 «Мырза-Хан» ЖШС

Нұр-Сұлтан қаласы,

(«Олимп» КДЗ: зертханалық, ультрадыбыстық және функционалды диагностика)

«Азық-түлік  тауарлар және ауылшаруашылық өнімдер өндірісі» аталымы

«Абзал и Компания» ТС

Қызылорда облысы

(Негізгі қызмет - күрішті өндіру және өңдеу)

 «Қазақстан теміржол көлігінде сертификаттау орталығы» ЖШС

Нұр-Сұлтан қаласы

(Теміржол өнімдерінің сәйкестігін бағалау бойынша қызметтерді ұсыну бойынша қызметі түрі)

в номинации «Өнеркәсіп нысандағы өнімдерді өндіру»

«Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС

БҚО

(Сумен және газбен жабдықтау жүйелеріне арналған қорғаныш қабығы бар полиэтилен құбырларын өндіру)

 

 

«Аруана» бизнес құрмет» сыйлығы – Салихова Сәуле Халелқызы, Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы («Территория дизайна deSali» студиясының директоры, «Маңғыстау облысының интерьер дизайнерлері мен безендірушілері» қауымдастығының президенті, «Coffee & People» ЖШС директоры, Маңғыстау облысы ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшесі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер