astana-view

Кәсіпкерлерді санитарлық талаптардың 5 критериі бойынша ғана тексеруге болады

2020 жылғы 20 Желтоқсан
32730 просмотров

Жаңа ережелер мониторингтік топ тарапынан кәсіпкерлік нысандардың тексеруде 5 критерийді басшылыққа алады

 Құжат 19 желтоқсанда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алгортим мониторингті топтарға нақты критерийлерді қарастырмайтыны туралы мәлімдемесінен кейін қабылданды.

 «7 желтоқсанда қабылданған мониторингтік топ жұмысының алгоритмі мониторингтік топтар құрамының ашықтығы, тексеруге негіздеме және тексеруді нысанда өткізу тәртібіне қатысты бірқатар сұрақтарды ашық қалдырды. Ведомствоаралық комиссияда біз бизнестің осы мәселеге қатысты алаңдаушылығын білдіріп, алгоритмнің кемшілігін реттеуге бағытталған бірақатар ұсыныс айттық. Қорытынды мәтін біздің барлық ұсыныстарымызды қамтымаса да мәселелердің кең ауқымын шешіп отыр», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Шыңғыс Темір.

 Жаңа ережелер мониторингтік топтарға келесі бұзушылық негізінде тексеруге құқық береді:

 -жұмыс кестесі;

- отбасылық, еске алу (банкет, той, мерейтой, ас беру) іс-шаралары және басқа да көпшілік жиналатын іс-шараларды жүргізуге шектеу талаптары;

- әлеуметтік арақашықтық;

- маска режимі;

- келушілер санының лимитін асыру.

Қолғаптар, дезинфекциялық кілемшелер және тоннельдердің болуына қатысты талаптарды мониторингтік топтар енді тексермейді.

 Егер мониторингтік топ жоғарыда аталған кемшіліктің бірін анықтайтын болса, онда материалды СЭҚ-қа әкімшілік іс қозғауға жібереді. Осы ретте санитарлық дәрігердің нысанға шығуы талап етілмейді. Мониторингтік топ немесе СЭҚ инспекторына нысанды тексеру үшін шұғыл хабарлама бағыттайды, СЭҚ инспекторы нысанды тексеру парағында қарастырылған талаптардың орындалуына тексереді.

Мониторингтік топтың мүшелері кәсіпкерге айыппұл сала алмайды.

 Тексеруді ашық жүргізу үшін әкімдіктердің сайттарында тексеруге шығатын мониторингтік топтар мүшелерінің тізімі жарияланады, топ мүшелері тексеру кезінде жеке куәліткерін көрсетеді. Осылайша кәсіпкерлер оларға заңды мониторингтік топ келгенін тексере алады, деп түсіндірді Шыңғыс Темір.

 Cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мониторингтік топ жұмысының ашықтығын арттыру үшін Ұлттық палатаның тексеру нысандарын алдын ала анықтауға қатысты ұсынысы қолдау тапты.

 «Бұл ұсыныс алдағы жұмыстың қамы. Қазіргі кезде Түркістан облысында пилоттық жоба жүргізіліп жатыр, онда мониторингтік топтардың тексерулерге шығуы ақпараттық жүйеде тіркеліп жатыр, әкімдіктер нақты уақыт режиімінде қандай ауданда бұзушылықтар көп, қандай нысан қандай талапты орындамағанын көріп отырады. Осылайша жемқорлық белгілері төмендейді. Осы тәжірибені барлық өңірлерге қолдануды ұсынамыз», – деп қорытындылады Шыңғыс Темір.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер