astana-view

Кәсіпкерлер міндетті медициналық сақтандыру туралы заңды жетілдіре алады

2020 жылғы 25 Желтоқсан
6038 просмотров

«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерден «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңды жетілдіруге қатысты ұсыныстар қабылдайды

Заң жобасы қолданыстағы міндетті медициналық сақтандыру жүйесін жақсартуға, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне өзекті ақпарат арқылы мемлекеттік органдар, корпорациялар және қордың өзара әрекеттесу процестерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

 Өзгерістер мен толықтырулар келесі шараларға бағытталған:

  1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР-дың 2020 жылғы 7 шілдедегі кодексіне сәйкестендіру;
  2. Үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысымен сәйкес салықтар мен төлемдерден босаған ұйымдардың жұмыскерлері МӘМС-қа жарналарады төлеу бойынша қарыздан босату;
  3. төтенше жағдай кезеңінде аударымдар және (немесе) жарналар есептелмеген және (немесе) төленбейтін қызметкерлер тізімін ұсыну бөлігінде жұмыс берушінің міндеттемелерін бекіту. Бұл жағдайда тізімдер ай сайын есепті күннен кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей қорға жіберілуі керек.
  4. мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерден жеңілдік қарастырылған тұлғалар санаты,  Қазақстанға уақытша келген және ЕАЭО мүше-мемлекеттерінен еңбек мигранттары саналатын шетелдіктер туралы мәліметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына беруі.
  5. Жеңілдік қарастырылған тұлғаларға МӘМС жүйесінде медицналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ол үшін аталған тұлғаларға мемлекет жарналарды 1 айға төлегенге дейін «медициналық қызметтерді тұтынушы» мәртебесін беру ұсынылады.

Санат бойынша мәртебені нақтылау мемлекеттік жарналарды төлейтін айдың алдындағы айдың соңында жүргізілетіндіктен сәйкес мәртебені алыған осы тұлғалар айдың 20-шы күнінен кейін және айдың 5-ші күніне дейін тиісті мәртебеге ие болған адамдар: мүгедектер, жұмыссыздар, зейнетақы төлемдерін алушылар, тіркелген жұмыссыздар, жұмыссыз оралмандар және т.б., МӘМС жүйесінен қағылып отыр және оларға  МӘМС жүйесінде медициналқ қызметтер қолжетімсіз.

 6. қорға МӘМС ақпараттық жүйелері мен электронды ақпараттық ресурстарын дербес құруға және дамытуға құқық беру.

 2020 жылғы 23 желтоқсандаы заң жобасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің итернет-ресурсында және Ашық НҚА интернет-порталында жарияланған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер