astana-view

2020 жыл қорытындысы: Нұр-Сұлтанда колледждердегі балаларды тамақтандыруға қаражат бөлінді

2020 жылғы 26 Желтоқсан
- Астана қаласы
7666 просмотров

Жылдың соңына дейін жеке колледждер әлеуметтік осал санатқа жататын балаларды тамақтаныдыруға қаржыландыру алады

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы «Білім беру» комитетінің кезекті отырысы барысында айтылды.

 Елордалық білім басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Шоғанбайдың айтуынша, қараша айында бюджетті нақтылау кезінде әкімшіліктің жеке колледждер шығындарының осы бөлігін қаржыландыру туралы өтініші мақұлданды.

 Еске салсақ, бұл мәселені Нұр-Сұлтан қаласы ӨКП алаңында жеке колледждердің басшылықтары көтеріп келді. Олар мемлекеттік оқу орындарына қарағанда жеке колледждерді жан басына шаққанда қаржыландыру әлеуметітк осал топтағы отбасылардың балаларына тамақ пен киім шығындарын өтемейді деп шағымданды. Бұған білім бөлімінің өкілдері бұл мәселені шешу үшін алдағы бюджетке түзету енгізуге уәде берді.  

 «Мәселе оң шешілгеніне қуаныштымыз. Бұл бірлескен жұмыстың жемісі», – деді Нұр-Сұлтан ӨКП директорының орынбасары Нұрлан Қаиршин.

 Осыған дейін Дәулет Шоғанбай жеке ТжКБ ұйымдарын жан басына қаржыландыру көлеміне – еңбекақы төлеу, білім беру шығындары, пошта және телефон байланысы, Интернет, қызмет көрсету шығындары, коммуналдық қызметтер, ғимараттар, құрылыстар мен жабдықтарды қалыпта ұстау, банктік қызметтер кіреді деп хабарлаған.

Тамақтандыруға шығындар жайында спикер 38 бағдарлама бойынша контингент 1050 баланы (жеке колледждерде – 738 бала), 24 бағдарлама бойынша – әлеуметтік осал топтардан 848 баланы, соның ішінде жеке колледждерде 295 баланы құрайтынын атап өтті. Осыйлайша, осы жолы колледждерде білім алып жатқан шамамаен 1000 баланы тамақтандыруға қаражат бөлінген.

Сонымен қатар, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру мәселесі де оң шешілгені белгілі болды. 2020 жылдың тамызынан бастап карантин кезеңінде қаржыландыруды қысқарту туралы талқылау жүргізілді.

 «Белгілі болғандай, бюджетті 30%-ға қысқарту жоспарланған, алайда барлық талқылаулар мен негіздемелерден кейін басқарма басшылық қаржыландыруды тек коммуналдық төлемдер мен тамыз айындағы білім беру шығындары тұрғысынан қысқартуға шешім қабылдады, өйткені балабақшалар осы айда жұмыс істемеді. Сәйкесінше, білім беру процесі жүргізілмеді, коммуналдық қызметтерге толық көлемде қажеттілік болмады. Осындай ымыралы шешімге көңіліміз толады», – деді Нұрлан Қаиршин.

 Өңірлік кеңестің «білімі  беру» комитеті 2021 жылға «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары оқытушыларының еңбекақысын 20%-ға көтеру туралы мәселені көтеріп, мектептерде үш ауысымда оқыту және ақысыз қосымша білім беру мәселесін шешу, сондай-ақ «Жас Маман» жобасы аясында жабдықталған құзыреттілік орталықтарын бірлесіп пайдалану мәселесін қарастыруды жоспарлап отыр.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер