astana-view

Атамекен кәсіпкерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды!

2020 жылғы 30 Желтоқсан
6583 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер!

2020 жыл қазақстандықтардың өмірін өзгертті. Бұл жыл пандемия, төтенше жағдай режимі, карантин, локдаун және науқастанған адамдар туралы күнделікті мәліметтермен есте қалмақ.

Мереке COVID-19 салдарынан жақындарынан айырылған, шекарада қалып қойған, әлеуметтік шектеуге байланысты оқшау қалған адамдар үшін ауыр болады – өкінішке қарай осы жылдың құны осындай.

Ескі жылы нарықтардың қысымын, жеткізілім тізбектерінің үзілуін, қазақстандықтардың оқшалануын өткердік, осының бәрі отандық бизнеске ауыр соққы болды. Бірақ біз кенеттен келген өзгерістерге жедел әрі байсалды төтеп бере алдық.  Біз жұдырықтай жұмылдық, бизнес субъектілерінің 90%-ы өз жұмысын жандандырды, салық-бюджеттік ынталандыруға қол жеткіздік, мемлекет шағын және орта бизнесті қолдау және әлеуметтік көмек көрсету шығынын арттырды.

Кәсіпорындар инвестициялық бағдарламаларын қайта қарап, оңтайландырып, даму стратегияларын өзгертті.

«Атамекен»  ҰКП еліміздің бизнес-қоғамдастығына жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді. 2021 жылы да біздің серіктестік қатынасымыз тұрақты, сенімді болып, отандық бизнес позицияларын нығайтып, сын-тегеуріндерге төтеп беретініне сенімдіміз. Алда атқарылар жұмыс көп, экономиканы дағдарыстан шығарып, пандемиядан кейінгі кезеңде дамудың тұрақтандыруымыз керек.

Ең бастысы, 2021 жылы баршаңызға мықты денсаулық тілейміз! Отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз құт-берекеге толсын!

Кез келген дағдарыс – бизнесті дамыту стратегиясын қайта бағдарлауға берілген мүмкіндік!

Құрметпен, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер