astana-view

ЖОО рейтингі-2020: жұмыспен қамтудың ең жоғары пайызына ие мамандықтар аталады

2020 жылғы 30 Желтоқсан
18808 просмотров

ЖОО рейтингі отандық жоғары білім берудің негізгі мәселелерін көрсетті

 Зерттеу барысында алынған мәліметтерге сәйкес жұмысқа тұру көрсеткіші медициналық оқу орындарының түлектері арсында жоғары, ал АӨК секторының жас мамандарында ең төмен көрсеткіш. Диплом алған ауыл шаруашылғы саласы мамандарының небәрі 5-10%-ы жұмыс табады.

 Еске сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Атамекен» ҚР ҰКП үш жыл қатарынан жоғары оқу орныдары білім беру бағдарламаларының рейтингін жүргізіп келеді. Рейтинг «Түлектердің маңсаптық перспективасы», «Білім беру бағдарламасының сапасы» және «Білім алушылардың жетістіткері» атты үш блокты қамтитын 17 критерий негізіне құрылған.

 2020 жылы зерттеу шеңберінде 2 мың білім беру бағдарламасы қамтылды, 68 мың түлектің жұмысқа тұруына талдау жүргізілді, Қазақстанның барлық өңірлерінен 600-ден астам сарапшы жұмылдырылды. Нәтижесінде 108 университет бойныша 6 мың сараптамалық қорытынды шығарылды.

 «Биыл елдегі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан түлектердің еңбекпен қамтылуы сол деңгейде тұрақтынуы қуантады. 2020 жылы жұмыспен қамтылу 71 пайызды құрады. Екінші қуантарлық жайт – жұмыс берушілердің жас мамандарға көңілі толып келеді. Зерттеуге 600 сарапшы қатысты, олар білім беру бағдарламаларының сапасы артқанын атап өтті. Демек жоғары оқу орындары еңбек нарығына бағдарланған. Жұмыс берушілердің мамандар біліктілігіне қанағаттануы  1,3 пайызға өскен. Жоғары оқу орындарының практик мамандарды тарту бойынша мүмкіндігі кеңейіп келетіні маңызды», – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комитеттің төрайымы Гүлзат Көбенова Atameken Business телеарнасында өткен телевизиялық марафон барысында.

 Жоғары оқу орындарына түлектердің еңбекпен қамтылуы ең басты көрсеткіш саналады. Марафон барысында Рудный индустриялық институтының оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Лариса Божко университеттер білім бағдарламасын емес, мансапты сатуы керегін айтты. Ол үшін бизнеспен бірге дамып, оның талап-тілегін, қажеттігін болжап отыру қажет. Сондықтан жоғары оқу орындары нарықтағы сарапшыларды қосып, оқытушылық құрамды кеңейтіп жатыр, ал осы мамандар білім берудің практикалық жағына көп басымдық береді, сондай-ақ ЖОО отандық аккредиттеу орталықтармен шектелмей, аккредиттеуден өздері өтіп жатыр.

 Рейтинг жүргізілуінен бастап үш жыл ішінде білім беру бағдарламаларының сапасы айтарлықтай жақсарған. Зерттеуге қатысқан сарапшылардың пікірінше, бағдарламалар нарыққа бейімделіп келеді.

«Қызықты жайт бар: рейтингте біз баклавриатты сараладық, барлығы 68 мың түлекке зерттеу жүргізілді. Соның ішінде 12 пайызы магистратурада білім жалғастырды, қалғаны нарыққа кеткен. Барлық бағдарламалар бойынша жұмыспен қамту көрсеткіші 71%,бірақ еңбекпен қамтылудың жоғары пайызы «денсаулық сақтау» және «медицина» бағыты бойныша тіркелген – 81%», - деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту жөніндегі департамент директоры Азамат Бейсембинов.

 Айта кетелік, болашақ дәрігерлердің білім беру бағдарламалары практикалық дәрістерге негізделген. Белгілі болғандай, жас дәрігерлер науқастармен жұмысты 1-2 курстан бастайды.

 Еңбекпен қамтылудың ең төменгі көрсеткіштері аграрлық бағытта тіркелген. Бұл салада түлектердің небәрі 5-10 пайызы ғана жұмыс табады, бұл ретте АӨК бойынша жыл сайынғы шығарылым үлкен. 2019 жылы 1,5 мың ауыл шаруашылығы маманы жоғары білім туралы диплом алған.

 Төмен пайыздың бірнеше себебі бар: төмен еңбекақы, нашар кәсіптік бағдар, осал білім беру бағдарламалары. Жұмыс беруші тұрғысынан айтар болсақ, білім беру бағдарламаларының өзектілігіне қанағаттану пайызы бүгінде 52% құрайды (2018 жылы өзектілік – 27,4%, ал 2019 жылы - 32,6%-ды құраған).

 Сонымен қатар «Атамекен» аутсадерлердің дәстүрлі рейтингін таныстырды, олардың қатарында тұрақты қатысушылар да бар: 

  1.  «Сырдария» университеті
  2. Шымкент университеті
  3. Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті
  4.  «Астана» университеті
  5. Тараз инновациялық гуманитарлық университеті
  6. Академик А.Қуатбекова халық достығы университеті
  7. Шет тілдері және іскерлік маңсап университеті
  8. Қазақ-Орыс халықаралық университеті
  9. «Болашақ» университеті, Қызылорда қ.
  10.  «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты

Жоғары оқу орындарының 2020 жылғы рейтингімен мына сілтеме  бойынша танысуға болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер