astana-view

Абылай Мырзахметов: «Биыл шағын және орта бизнестің тасы өрге домалауы тиіс»

2021 жылғы 29 Қаңтар
9573 просмотров

Өңірлерде бизнеске жұмыс шарттарын санитарлық дәрігерлердің қаулылары белгілейді

Бас санитарлық дәрігерлердің қаулылары жиі ауысатындықтан кәсіпкерлерге қысқа мерзім – апта ішінде жұмысты жоспарлап, болжау қиын. Кейбір бизнесмендер кәсіпорындары жұмысын апта сайын өзгертіп отыруға дайын болмай, кәсіпті жабу туралы шешім қабылдауда. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов  Хабар24 телеарнасына берген сұхбатында айтты.

 «Кәсіпкер дүйсенді күні санитарлық дәрігер қандай жаңа қаулы шығаратынын білмейді. Қалай жоспар құрып, қалай жұмыс істеуі керек? Бұл назарға ілінбей жатқан өзекті мәселе. Барлық өңірлер ковид бойынша көрсеткіштер соңында жүр, бірақ қазіргі кезде жағдай біршама бақылауда. Барлығын еркіне жіберу керек деп айтпаймыз, бірақ шектен шығуға да болмайды. Жақында ғана БҚО рестораторлары кәсіпті жабу дұрыс шешім деп мұң-мұқтажын айтты», – деді Абылай Мырзахметов.  

 Бүгінде палата алдында тұрған міндет – бизнес үшін пандемия салдарын саралау, сондай-ақ төтенше жағдай, локдаун және карантин кезінде кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау шараларының тиімділігіне баға беру. Басқарма төрағасының пікірінше,  қолдау шаралары, әсіресе төтенше жағдай кезеңінде дер кезінде әрі жедел көрсетілді, бірақ жекелеген секторлар бойынша мәселеге тереңірек үңілсек, қолдау жеткіліксіз болған.  

 2020 жыл наурыз айының ортасында «Атамекен» кәсіпкерлер арасында бірнеше сауалнама жүргізіді, оған кәсіпкерлердің рекордтық көрсеткіші – 150 мың адам қатысты, соның 90%-ы шағын және орта бизнес өкілдері.

 Пандемия кезеңінде бір жылға жуық уақытта Ұлттық палатаға келіп түскен барлық мәселелерді саралайтын болсақ, оларды екі блокқа бөлуге болады. Мәселелердің бірінші пулы карантин және ТЖ кезеңімен байланысты, кәсіпкерлер: табыс болмаса несие, салық, еңбекақы, коммуналдық төлемдерді қалай төлеуге болады деген сұрақтар қойды. Сұрақтардың екінші пулы локдауннан шыққан кезде қалыптасты, ол кезде бизнес әр өңірде эпидахуалға байланысты өзгерген, әлі де өзгеріп жатқан шектеулерге тап болған.

 Бірінші пул бірден шешіліп отырған болса, ал «шектеулер кезеңінде жұмыс істеу» мәселесін шешу тиянақтылықты талап етеді, өйткені пандемия аяқталып, әлем қалыпты өмірге қашан оралатыны жайныда нақты түсінік жоқ.

 «Бүгінде шағын және орта бизнеске қандай қолдау шаралары қажет» деген сұраққа жауап табу – осындай міндетті Мемлекет басшысы үкіметтің өткен отырысында ҰКП мен Үкіметке жүктеді.

 «Атамекен» кәсіпкерлер арасында екі апталық сауалнама жүргізуді бастады, бізге кері байланыс керек. Сол кезеңде сізге кәсіпті сақтап қалуға не көмектесте? Нені реттеу қажет? Егер мемлекеттік қолдауды пайдаланбасаңыз, неліктен пайдаланбадыңыз? Құжаттамада қиындықтар туды ма? Осыған дейін айтқанымдай, бізге осы балансты сақтап, бизнеске барынша жұмыс істеуге мүмкіндік беру жолдарын іздеу керек, өйткені жарты миллионға жуық кәсіпкер шектеумен жұмыс істеп жатыр. Келушілер саны 30% және уақыт бойынша шектеумен олар шығындарын өтей алмай жатыр. Бұған назар аудару керек», – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

 Тұтастай алғанда, 2021 жыл – шағын және орта бизнестің жандану жылы,  биыл оның тасы өрге домалауы тиіс, деп санайды Абылай Мырзахметов. Барлық күш-жігер осы секторға жұмсалуы керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер