astana-view

ШАРУАЛАР МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНА ЖҮГІНДІ

2021 жылғы 02 Ақпан
- Маңғыстау облысы
5073 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы алаңында екі шаруа қожалығының проблемалық мәселелері талқыланды.

Маңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасына "Толқын" шаруа қожалығының басшысы Т.Рейпенов көрші шаруа қожалығы тарапынан өз қызметін толық көлемде жүзеге асыруға кедергі келтіретін шектеулердің болуы туралы өтініш білдірді. Дауды шешу оны қарауға екі тараптың өкілдері қатысқан кезде мүмкін екенін ескере отырып, Палата екінші тарапқа да өз дәлелдерін келтіруге мүмкіндік берді.

Осылайша, Палата ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Н. Калишеваның, 1-санатты сарапшы Б.Иманғалидың қатысуымен дауды сотқа дейін реттеу тәртібінде екі шаруа қожалығының проблемалық мәселелері талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер