astana-view

Атырауда бизнес жұмысы жеңілдеді

2021 жылғы 10 Ақпан
- Атырау облысы
7984 просмотров

Бүгін Атырау облысы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шықты, оған сәйкес бизнестің субъектілері үшін жұмыс істеу уақыты ұзартылды

 Жаңа қаулы 2021 жыл 11 ақпаннан бастап күшіне енеді. Ондағы негізгі өзгерістердің бірі қоғамдық тамақтану нысандары жұмысының уақытыны бойынша карантиндік шараларды жұмсарту болмақ.

 Енді ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 50% толымдықпен, бірақ 50 орыннан артық емес, столдар арасында ең кемі 2 метр арақашықтықты сақтай отырып, сағат 7:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Осының алдында шыққан қаулыда тамақтану орындарының жұмыс істеу уақыты сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін шектелген болатын (ұжымдық шараларды өткізбей, толымдық 30 орыннан артық емес, келушілерді столға орналастыру 4 адамнан аспауы керек).

 «Кез келген карантиндік шектеулер бизнес қызметіне теріс әсер етеді. Осыны ескере отырып, Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы тұрақты негізде бизнестің түйткілді мәселелерін карантидік шараларды жұмсарту жөніндегі комиссия алдына шығарады. Сонымен қатар Өңірлік кеңестің бастамасымен олар облыс басшылығы алдында айтылды. Олардың қатарында – қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі уақыт бойынша шектелуі де бар. Нәтижесінде жүргізілген жұмыс арқылы бүгінде облыс жасыл аймаққа шықты, санитарлық дәрігердің қаулысымен бизне жұмыс істеуі ұзартылды. Алдағы уақытта әлі жұмысы шектелген, тыйым салынған нысандардың жұмысын жандандырамыз деп үміттенеміз», – деді Атырау облысы ӨКП директоры Абдолла Идресов. 

Жеңілдіктер – сауда үйлері, сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар жұмысына да жасалған. Егер осыған дейін осы нысандардың жұмысы сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін шектелген болса, енді сағат 22:00-ге дейін жұмыс істей алады. Жұмыс істеуге тыйым жексенбі күнге ғана сақталады. Азық-түлік дүкендері белгіленген кестемен штаттық режимде жұмыс істейді.

 Сұлулық салондары, шаштараз, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтандыру нысандары, спорт және тренажер залдары алдын ала жазылумен штаттық режимде белгіленген кестемен жұмыс істей алады.

 Сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер – алдын ала жазып алумен сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді, жексенді – демалыс.

Бұдан бөлек, ертеңнен бастап,  санитарлық талаптарды қатаң сақтаумен білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану нысандары жұмысын бастайды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына сәйкес, бір эпидахуалға қарай бір аймақтан екінші аймаққа көшу кезінде, карантиндік шараларды қабылдағаннан кейін коронавирустың таралу жылдамдығына байланысты күшейтілген карантиндік шаралар кем дегенде 14 күн сақталады және оны жеңілдету «сары» және «жасыл» аймақтарға көшкеннен кейін 2-аптадан ерте өткізілмейді. Осы шараларды Атырау облысы ӨКП мамандары бизнес субъектілеріне түсіндіріп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер