Қостанайда караоке-барлардың иелері «Ashyq» жобасына қатысуға ниетті
Ойын-сауық орындары иелерінің айтуынша, бүгінде пилоттық жобаға қатысу – бизнесті жүргізудің жалғыз тәсілі. Мұны олар 1 наурызда ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нурпейісованың қатысуымен Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде мәлімдеді.
«Ashyq» пилоттық жобасы Нұр-Сұлтанда 10 нысанда және Алматыда 5 нысанда жүзеге асырылуда. Осы нысандарға, әсіресе фитнес-орталықтарға келушілер ықыласпен «тіркеліп жатыр», өйткені бағдарлама арқылы олар өңірлері «қызыл аймаққа» енсе де мекемеге бара алады деп айтылуда. Адамдар қазірдің өзінде «Ashyq» – денсаулық күтудің жолы екенін түсінеді. Яғни, мекемеге кірген кезде олар коронавирустық науқастың залда жаттықпайтынына сенімді бола алады. Бізге, мекемелердің иелері үшін бұл да тиімді, өйткені біз эпидемиологиялық жағдайға тәуелді болмаймыз. Сондықтан біз жобаның ауқымды таралуын күтеміз», – деді Вероника Нурпейісова.
Бүгінде «Ashyq» ресепшні бар нысандарға орнатып жатыр. Келесі кезең қоғамдық тамақтануға қолданылады. Фудкорттар, караоке, банкет залдары, боулингтер соңына қарай жобаға қосылады. Алайда қостанайлық караоке-бар иелерінің айтуынша, мүлде жабылып қалмау үшін әр күн санаулы. Олар пилоттық жобаға ертерек қатысуға ынталы.
«Біз бұл сұрақты «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығымен талқылағанбыз. ВАК деңгейінде жедел штаб арқылы өңірдің жобаға қатысуға дайындығын мәлімдеу жайында ұсыныс бар. Осы мүмкіндікті қарастырудамыз», – деді Қостанай облысы ӨКП директоры Мұрат Әбенов.
Тағы бір тәсіл қоғамдық тамақтану нысандарын қаржылық тығырықтан шығару – қызметті қайта бағдарлау. Вероника Нұрпейісованың айтуынша, басқа өңірлерде мейрамхана және банкет залдардың ішінде шахмат клубтары, батут орталықтары мен сауықтыру мекемелері ашылып жатыр.
«Біз осындай жағдайда өмір сүруге үйренуіміз керек. Бүгінде қымбат ас үйі бар, талғамды тағам пісіретін мейрамханалар тұшпара түйіп, ролл орауда. Жеткізілімге жұмыс істеу тиімсіз – бизнесті қайта бағдарлаған оңайырақ. Көбі қайдан ақша табатынын білмей дал. Тағы жақсы мүмкіндік – инновациялық гранттар. Шартты түрде айтқанда пайда әкелмейтін кафе орнына кір жуу орталығын ашуға немесе нысанда күн батареясын орнатуға болады. Бастысы идея қызықты болуы керек. Бизнес-жоспарды құруға Кәсіпкерлер палатасы көмектеседі», – деді ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі.
Спикер сонымен қатар жедел штабқа кафелер мен мейрамханалардағы рұқсат етілген орындар санын 50-ге дейін көбейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Қостанай облысы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Владимир Нечитайло бұл мәселені осы аптаның соңында өтетін кездесуде көтеретініне уәде етті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: