astana-view

Кәсіпке бақылау-кассалық аппараттарын пайдалану қажет

2021 жылғы 18 Наурыз
- Маңғыстау облысы
6641 просмотров

Бүгін Мұнайлы аудандық кәсіпкерлер палатасына ЖК Дүйсенова Г.О. қалыңдық салоны мен тігін шеберханасын жүргізіп отырған кәсіпкер кеңес алуға келді. Онда бақылау-кассалық аппарат жөнінде сөз болды.

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдан бастап ақшалай айналымдармен айналысатын барлық кәсіпкерлер бақылау-кассалық аппаратты пайдалануға міндетті. Бұл Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 27 қарашадағы №1029 бұйрығында бекітілген. Басқаша айтқанда, бақылау-кассалық аппарат заңды құқықтық аяда болуға және болашақта айыппұлдардан құтылуға құқық береді. Онлайн бақылау-кассалық аппарат туралы түсінік беріліп, ол арқылы салық органдарына деректерді онлайн-жіберуге болатынын, бұл үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне барып өтініш жазу керектігі туралы кеңес берілді. Кассалық аппарат орнатпаған жағдайда, салық төлеушіге бұрынғыдай ескерту берілмейді, бірден айыппұл салынады, соны ұмытпау қажет. Сондықтан бекерден-бекер айыппұл төлемес үшін, кассалық аппаратты ертерек тіркеп қойған жөн.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер