Әкімдіктер «Ashyq» пилоттық жобасына қатысып жатқан нысандардың тізімдерін жариялады
Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалалары әкімдіктерінің сайттарында «Ashyq» пилоттық жобаға қатысушылардың тізімі жарияланды. Үш қалада 138 кәсіпкерлік нысаны тіркелген, соның ішінде 29 фитнес-клуб, 51 компьютерлік клуб және 9 боулинг орталық бар
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің «Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпкерлік нысандарда «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы» 2021 жылғы 26 ақпандағы №7 қаулысы шеңберінде «Ashyq» пилоттық жобаны іске асыру басталды, деп жазылған хабарламада.
Жоба толық жабылуға балама ретінде және кәсіпкерлік нысандары: фитнес клубтар, спа-орталықтар, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар мен боулинг орталықтары жұмысына шектеулерді ішінара алып тастау үшін іске асты.
Осыған байланысты, «Ashyq» пилоттық жобаға қатысушылар компьютер клубтары және боулинг орталықтары қызметті жандандыруға мүмкіндік алды, ал кәсіпкерліктің басқа нысандары – әлеуметтік-экономикалық нысандар жұмысының өлшемдеріне сәйкес шектеулерді алып тастай алды. Егер өңір «қызыл аймақта» болса, нысанға «сары аймақ» шектеулері қолданылады, егер өңір «сары аймақта болса, оған «жасыл аймақ» критерийлері қолданылады.
Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша пилоттық жобаға кәсіпкерліктің 35 нысаны қатысып жатыр, соның ішінде 10 фитнес-клуб, 6 спа-орталық, 1 бассейін, 3 болуинг клуб, 15 компьютер клубы бар. Қарағандыда 18 ШОБ субъектісі: 2 фитнес-клуб, 1 боулинг орталығы және 15 компьютер клубы. Алматыда пилотқа 25 компьютер клубы, 5 боулинг орталық, 5 бассейн және 5 бильярд клуб, 6 фитнес-клуб, 9 спа-салон және 30 сауна қатысып жатыр.
«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты қолдану және ПТР жалпы базасымен интеграция арқылы нысанға келушінің вирусқа қатысты статусын анықтауға мүмкіндік береді. Бизнес субъектісі – жобаға қатысушы санитарлық талаптармен қоса қосымша бақылау жүргізеді. Жобаның тағы бір артықшылығы келушілер мен персонал қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өйткені ауру белгілері бар кейбір адамдар қоғамдық орындарға барғанда оқшаулану режимін сақтамай, вирустың таралуына себеп болады.
Нұр-Сұлтанда жобаға қатысушылар
Пікір қалдыру:
Пікірлер: