astana-view

Atameken Fest 2021: спикерлер, кейстер мен қонақтар

2021 жылғы 25 Наурыз
3213 просмотров

18-19 наурызда Қазақстанда  алғашқы Atameken Fest жастар онлайн-фестивалі өтті, оған ел ауқымында мыңнан астам жас қазақстандық қатысты

 Фестивальда медиа, контентмейкинг, продюсерлік, білім беру салаларындағы сарапшылар спикер болып, өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибелерін ортаға салып, жас кәсіпкерлерге дәріс оқыды.

 Қонақтар арасында табысты жобалардың негізін қалаушылар болды, атап айтқанда, ХAXA Show Ақсұлтан Қалиев, Rocket Study Арыслан Дәрімов, The Village Kazakhstan Айсана Әшім, Qamalladin Media Agency Абылайхан Камаладин және т.б.

 Rocketstudy білім беру орталығының негізін қалаушы, Ozgeris бизнес-инкубатор идеясының авторы Арыслан Дәрімов жастайынан бастап кәсіпкерлік саласына араласқаны жайында әңгімеледі. Оның айтуынша, мектептік шақ – эксперимент жүргізу және жаңа жоба бастаудың уақыты. Сондықтан Жеке қабілеттерді дамыту жөніндегі курс жасөспірімдерге бағдарланған.

 «Мен өзім мектепте оқып жүріп, түрлі жобалармен айналыстым, кештер ұйымдастырып, футболкалар саттым. Мектепте әрекет етіп, жобаларды іске асыру керек деп сендім. Демек, мектеп оқушылары бастамаларды қолға алып, түрлі шаруаны істеп көре алады деген ой», – деп атап өтті Арыслан Дәрімов.

Фестивальға келіп, табысты жастардың жетістіктерінен шабыт алған қонақтар да осындай ойға қалды.

 «Әр спикердің сөзін мұқият тыңдадым. Әр инсайт, әр кеңесті түртіп алдым. Олардың бойындағы энергия тау қопаруға шабыттандырады», – дейді Сәтпаев қаласының тұрғыны Айым Аупикова.

«Ozgeris курсына қатысқаныма біраз болды, әлі де жаңалықтарды құр қалдырмаймын. Atameken Fest туралы естігенімде, бірден жұмыс кестемді туралап, қатысуға тырыстым. Өкінбеймін. Қаншама пайдалы ақпаратты түсінікте тілде алдым», – деп жазды Жезқазған қаласының тұрғыны Мадиана Әмір.

 Лэйбл әртістері Madeniyet, Aluan, Yertay Zhartay және Aroojeane жанды дауыста әндерін орындап, қонақтарға отты концерт атмосферасын сыйлады.

 Фестивальдің басты оқиғасы – кешті қорытындылау және «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен Ozgeris бизнес-инкубатор жеңімпаздарына грант табыстау.

300 мектеп оқушысы бір ай бойы кәсіпкерлік негіздеріне оқыды. Ең үздік 40 бизнес-жоба «Халық» қайырымдылық қорынан қаржыландыру алды. Бизнес-инкубатор командасы әр жеңімпазға жобаның ілгерілетудің әр кезеңінде сүйемелдеу көрсетеді.

 Іс-шара ұйымдастырушылары – Atameken Academy – бүкіл Қазақстан бойынша 130 000 қолданушы базасы бар онлайн-платформа. Біз кәсіпті енді қолға алмақ бизнесмендерге түрлі курс ұйымдастырамыз. Сайтымызда 150-ден астам бейне сабақ, чек-лист және презентациялар бар. Сондай-ақ тақырыптық мақалалар, кейстер мен бизнес-квестер қамтылған.

 Бизнес-орталық: 87710007969; 87774810985

E-mail: k.aruzhaan99@gmail.com

Сайт: https://atameken.co/

Instagram: @atameken.academy


Еншілес ұйымдар

Серіктестер