astana-view

Павлодарлық кәсіпкерлер ғылымға ден қоюда

2021 жылғы 01 Сәуір
- Павлодар облысы
5257 просмотров

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі Toraighyrov university алаңында көшпелі кездесу өткізді

Өңірлік кеңестің төрағасы Қобланбек Қожин кездесудің мақсаты – «Өңірдің мықты университеттері» бағдарламасы аясында академиялық шеберлік орталығының зертханаларын ашу екенін атап өтті.

TOU тек Павлодар облысында ғана емес, сонымен бірге республикада да білім, ғылым және мәдениеттің орталығы екенін атап өткен жөн.

 Университет ректоры Мейрам Бегентаев коворкинг-орталық бойынша экскурсия жүргізді, онда Өңірлік кеңес мүшелері TOU арнайы экономикалық аймағы базасында іске асырылып жатқан бизнес-жобалар, ғылыми әзірлемелермен танысты.

 Мысалға, бұл жерде сұйық сабын және антисептиктер жасалады. Бұл өнімдер сапа сертфиикаты және ЕАЭО-мен берілген сәйкестік туралы декларацияға ие.

 «RIMMA COSMETICS» сауда маркасындағы табиғи косметика Toraighyrov University зертханасы базасында өндіріледі. Косметика өндіру нарығында бұл өнім жаңа тауар болса да тұтынушылардың қызығушылығына ие болды. Табиғи ингредиенттердің арнайы әзірленген кешені тері эпидермисі проблемаларын шешуге бағытталған.

«AIRKAZ» атмосфералық ауаны тексеру шағын станциясы. Жоба ауада көмірқышқыл газ мөлшерін өлшеу, сондай-ақ интернет-ресурстарға минут сайын ақпарат жіберіп отырып, ауаның температурасын, қысымын және ылғалдығын өлшеуге бағытталған.

Электр мотоциклдерін өндіру. Жоба экологиялық таза көліктер шығаруға, моральдық және техникалық жағынан ескірген автокөліктерден заманауи велосипедтер жасауға мүмкіндік береді. Техниканың сарқылып қалған ресурсын қайталама өңдеу мәселесі шешілуде.

Сондай-ақ медициналық диагностикалау білезіктері қызықты жоба. Смартблезік арқылы денсаулық жағдайын өлшеп отыруға болады. Жүрек соғысы, тыныстау, қан қысымы, қанның оттекпен қанығуын өлшеуге мүмкіндік бар. Білезік арқылы иесінің геолокациясын анықтауға болады. 

Өңірлік кеңес мүшелеріне трансформацияланатын мүгедектерге арналған арба таныстырылды. Әзірлеушілер арбаға танылған мүмкіндігі шектеулі адамдар жүріп-тұруда үшінші адамдардың көмегінсіз жүруге мүмкіндіктері барын айтты.  Арбадағы батарея заряды 30-40 км қашықтыққа жетеді. Креслоға қосымша температура, қан қысымы, жүрек соқысы, оттегі мөлшерін өлшейтін датчиктерді орнату қарастырылған.

 Делегацияға сондай-ақ металл конструкциялары мен жиһаздар, жеке қорғаныс құралдарының өндірісі, бактерицидтік рециркуляторлардың өндірісі, масалар мен шіркейден жеке қорғаныс үшін репелленттер өндірісі, репеллент негізінде киімдерді өңдеумен танысты. ТOU мамандары олардың бизнес-ұсыныстарға ашық екенін және ынтымақтастық пен TOU-АЭА негізінде бизнес-идеяларды жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

 «Бүгінде Павлодар ӨКП Өңірлік кеңестің көшпелі кездесуін өткіздік. Оқу ордасының ғылыми жеткістіктерін көзбен көріп, танысуға мүмкіндік берген Toraighyrov university басшылығына алғыс айтамыз. Бұл жобалар өңіріміз және елдің дамуында кәдеге асатынына сенімдімін», – деді Қобланбек Қожин. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер