astana-view

Қостанайлық кәсіпкерлер мен бухгалтерлер тауарға жөнелтпе құжатты рәсімдеу бойынша оқуға қатысады

2021 жылғы 02 Сәуір
- Қостанай облысы
8744 просмотров

Осындай бастаманы Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Бухгалтерлер клубы көтерді. Оқу онлайн режимде Zoom платформасы арқылы аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 15:00-де өтеді.

«Мұндай шешім кәсіпкерлердің көбі тауарға жөнелтпе құжатты толтыруда қиындыққа тап болып жатқанына байланысты қабылданды. Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге жаңашылдықты меңгеруге уақыт беру үшін тауарға жөнелтпе құжатты рәсімдеуді енгізуді 1 қыркүйеккке дейін шегеру туралы тапсырма берді. Процедура техникалық тұрғыда оңай емес, сондықтан оқу курсы кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді деп санаймыз. Осы жұмыста бізге салық органдарының мамандары көмектеседі. Тыңдаушылар сұрақтарға жауап алып, сондай-ақ процедураны іс жүзінде өздері жасап көреді», – деді Қостанай облысы ӨКП сарапшы Жібек Сейітова.

 Оқу 5 сәуірден бастау алады. Оқуға барлық кәсіпкерлер қатыса алады. Дәріске жазылу: 8 777 446 47 04 (Татьяна Исмаиловна).

 Еске салсақ, ТЖҚ енгізу кәсіпкерлер арасында дүрлікпе тудырды. Әсіресе жаңашылдықты үй манындағы дүкендер наразылық білдіруде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер