astana-view

Теңіз техникасы мен технологиясы бағыты бойынша зертханаға арналған жабдықтар тізбесін талқылау бойынша кездесу өтті

2021 жылғы 02 Сәуір
- Маңғыстау облысы
7596 просмотров

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Теңіз техникасы мен технологиясы бағыты бойынша зертханаға арналған жабдықтар тізбесін талқылау бойынша кездесу өтті. Оны құру ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Академиялық артықшылық орталығы" жобасы шеңберінде Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің базасында жоспарланып отыр.

Кездесу барысында Теңіз академиясының директоры Болат Сәрсенбаев зертхана жобасын таныстырды. Содан кейін сұрақ-жауап форматында кездесуге қатысушылармен жабдықтардың болжамды тізбесі талқыланды. Шараға Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының, салалық қауымдастықтардың және кеме қатынасы компанияларының өкілдері қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер