astana-view

Павлодарлық шаруа 300 тонна өнім сақтауға болатын қойма салды

2021 жылғы 07 Сәуір
- Павлодар облысы
7354 просмотров

«Победа» ЖШС – Павлодар облысында ауыл шаруашылығы саласында жетекші кәсіпорындардың бірі.  Өткен жылы фирма көкөніс сақтауға арналған заманауи қойманы іске қосты

Шаруа қожалығының басшысы сәбіз өсіруді қолға алған. Егістікке 50 га жер бөлінді.

Мұндай көкөніс түрі алғаш рет өсірілгендіктен, шаруаларға осы салада білікті мамандары, сондай-ақ елдегі білікті агрономдар көмектесті.

Сәбіздің екі түрі: «Каскад» – оңтүстік селекция сұрыбы және «Боливар» – еуропалық селекция сұрыбы таңдалды.

 Шаруа егістікке қажетті барлық техника: егу машинасы, арнайы жер үсті себелеуіш, түйіршіктелген минералды тыңайтқыштарды шашушы, сәбіз жинайтын арнайы комбайн сатып алды. Осының бәрі көкөніс егу технологиясына қажет болды.

Сәбізді сақтауға қойма салынды, онда желдету жүйесі орнатылды. Қоймада 300-350 тонна өнім сақтауға болады. Көкөністі төгу және іріктеуге арналған шахталар да бар.

 Сонымен қатар қойма жабдығы: көкөністі егістіктен қабылдайтын жинақтаушы-бункер сатып алынды. Бункерге түскен көкөніс ары қарай транспортер лентасына түседі, онымен алдын ала сұрыптау процесі жүреді. Кейін осы ленталардан өнімді өткізу үшін тиелім процесі жүреді. Процесс соңында өнім қапталып, жүк машиналарына тиеледі.

«Алғашқы тәжірибеге қарамастан, «Победалықтар» көп өнім алды. Өнімді егу, баптау, жинау және сақтаудағы барлық олқылықтар ескерілді. Өнімді өткізу де жолға қойылды, қателіктер де реттелді. Енді осы жылғы жұмыс, әрине, жеңілдеу болады. Енді шаруа егу көлемдері ұлғайтып, тұқым түрін түрлендіріп көрмек. Бұдан бөлек шаруа картоп өсіруді жоспарлап отыр», – деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Шербақты аудандық филиалының директоры Баян Омарова.

Палата филиалы мамандарының айтуынша, «Победа» ЖШС-мен қатар ауданда дамуға әлеуеті жоғары бірқатар қожалықтар бар.

 «Победа» қожалығының тәжірибесіне қарап, мемлекеттен қолдау алу арқылы аудан  кәсіпкерлері озық технологияларды енгізіп жатқан кәсіпорындар қатарын көбейтеді. Сәйкесінше, жақсы нәтиже алып, ауданның экономикалық дамуына үлес қосады. Бұдан бөлек Шербақты ауданында оң өзгерістер бар. Тағы үш ірі жоба аяқталуға жақын: «Байзақов» шаруа қожалығында мал базасы реконструкциялануы, «МедеуК» ЖШС – мал шаруашылығы базасы салынуы, «Абзал» шаруа қожалығында да мал базасы салынуда. Кәсіпкерлердің бастамасы қашан да мемлекет және Палата тарапынан көмек пен қолдау табады», – деп атап өтті Баян Омарова.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер