astana-view

ЖАҢАӨЗЕНДЕ АРМАТУРА ӨНДІРЕТІН ҚОС КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ

2021 жылғы 05 Сәуір
- Маңғыстау облысы
5696 просмотров

Жаңаөзенде қос бірдей жаңа өндірістік жоба іске қосылды. Оның бірін «ӨзенҚойма» ЖШС жүзеге асырды. Аталған мекемеде ескі сорғы штангаларынан құрылысқа арналған арматура өндіреді. Жылдық қуаты 2400 тонна. Айына 260 тонна арматура өндіретін мүмкіндігі бар бұл кәсіпорын керекті шикізатты «Өзенмұнайгаздан» алады. «Осыдан жарты жыл бұрын «Өзенмұнайгаз» компаниясынан пайдаланудан шыққан штангілерінен арматура жасаудың жобасын ұсынған болатынбыз. Сол жоба қалалық әкімдік пен «Өзенмұнайгаз» АҚ тарапынан қолдау тапты»,-деді өндіріс ошағының басшылары. Алдағы уақытта кәсіпорынға Жұмыспен қамту орталығы арқылы 20 адам жұмысқа орналасады деп жоспарланып отыр.

Іске қосылған тағы бір кәсіпорын «Silkway Trading» ЖШС-не тиесілі. Бұл цехта қара және түсті металл сынықтарын қайта өңдейтін болады. Сондай-ақ, темірбетон конструкцияларына арналған дайын металл бұйымдарын дайындау, ыстықтай болат арматура және болттар мен гайкалар дайындау кіреді. Цехтың жылына 3500 тонна болат арматура шығаруға мүмкіндігі бар. 25-ке жуық адам жұмыспен қамтылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер