astana-view

«Атамекен» қарауына Жаңа реттеу саясатын енгізу мәселелері жөнінде заң жобасы келіп түсті

2021 жылғы 08 Сәуір
5563 просмотров

Құрметті кәсіпкерлер! Назарларыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясатын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын ұсынамыз

 Жоба Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы шеңберінде, сондай-ақ ҚР Президентінің«ҚР-да кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясатын енгізу шаралары туралы» 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №483 жарлығы шеңберінде тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Ұлттық экономика минстрлігімен әзірленді.

 Заң жобасы келесі түзетулерді енгізу қарастырады:

  1. реттеу құралдарын қалыптастыру шарттарын енгізу;
  2. «one in - two out» принципін және реттеу апелляциясы енгізу (жаңа реттеу құралын енгізу реттеушілерден қолданыстағы бірдей реттеуді алып тастауды талап етеді);
  3. кәсіпкерлік саласында міндетті талаптар тізілімін (ары қарай – Тізілім) енгізу. Тізілім бұл нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптардың мәліметтер базасы саналады;
  4. жаңа реттеу құралын енгізудың экономикалық және басқа да тиімділігін іс жүзінде сынау, қолданыстағы реттеу құралын алып тастау немесе өзгерту мақсатында жаңа реттеулерді сынап көру немесе өолданыстағыларын алып тастау үшін құқықтық сынама режимді немесе «Реттеу бұрышы» деп аталатын механизмді енгізу;
  5. кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша жүктемені алып тастау мақсатында заңға тәуелді актілерде бақылаусыз белгілеудің орнына есеп беруді ұсыну талаптарын заңнамалық актілерде бекіту;
  6.  жаңа реттеу саясатының негізгі қағидалары мен тәсілдеріне сәйкес келмейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын бұзғаны үшін кәсіпкерлерді жауапкершілікке тартудың мүмкін еместігін білдіретін «реттеуші гильотина» қағидатын енгізу;
  7. жүйенің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру, бақылау мен қадағалауды құқық бұзушыларға бағыттау, бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты объективті бақылау жүргізу, ескірген, нәтижесіз іске асырылатын функцияларды, мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелер шеңберіндегі қайшы ұғымдарды алып тастау;
  8. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерін өзін-өзі реттеуге байланысты қоғамдық қатынастарды жетілдіру.

Жоба бойынша өз ұсыныстарыңызды d.akynbekova@atameken.kz электронды поштасына 2021 жылдың 13 сәуіріне дейін жолдауды сұраймыз.

 Қосымша:

 Заң жобасы  қазақ тілінде және орыс тілінде.

Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте  қазақ тілінде  және орыс тілінде.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер