astana-view

Ұлттық палатаға Тұтынушылар құқығын қорғау туралы жаңа заң жобасының Тұжырымдамасы қарауға келіп түсті

2021 жылғы 14 Сәуір
5419 просмотров

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасына Тұжырымдама жобасы келіп түсті. Құжат ҚР Сауда және интеграция министрлігімен дайындалды.

 Тұжырымдама тұтынушылардың заңнамалық құқығын қорғау және механизмдерді күшейтуді көздейді, сондай-ақ 2020 жылыдң маусымында қабылданған салалық Заң нормаларына қосымша саналады. Атап айтқанда, жобада тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің тиімділігін арттыру, олардың мемлекеттік органдармен ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту нормалары қарастырылған. Осылайша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірыңғай ұйымның қызметі және осы салаға омбудсмен институтын енгізу есебінен жүйені институционалды нығайту ұсынылады.

 Бұдан бөлек, уәкілетті орган заңнаманы өзектендіру, соның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі шаралар ретін қайта қарау, «техникалық тұрғыда күрделі тауар» және «тауардың (жұмыс, қызмет) айтарлықтай жетіспеуі» түсініктерді заңнама деңгейінде енгізу, «ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы» түсінігін нақтылауды ұсынады. Заңның негізгі қағидаттарын қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және басқа қызметтер салаларына тарату.

Тұжырымдама, сонымен қатар ҚР Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушыға өндіріп берілген сомадан тұтынушылар қоғамдық бірлестіктеріне сыйақы белгілеу институт енгізу бойынша позициясы жазылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер