astana-view

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА «ASHYQ» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫН ЕНГІЗУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

2021 жылғы 15 Сәуір
- Маңғыстау облысы
6551 просмотров

Бұл туралы бүгін Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжанова мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл жоба коронавирустық инфекцияның кәсіпкерлік субъектілерінде таралу қаупін төмендетеді.

«Жобаның артықшылығы — қауіпсіздік. Қазіргі уақытта бизнес карантиндік шектеулермен жұмыс істейді. «Ashyq» мобильді қосымшасы QR кодын пайдалану және жалпы ПТР мәліметтер базасымен интеграциялау арқылы келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, жобаға қатысушылар қабылданған санитарлық шараларға қосымша бақылауды жүргізе алады», - деді Аққу Айтжанова.

QR коды кәсіпкерлік субъектісіне беріледі. Жобаға қатысатын кәсіпкерлер өздерінің QR-кодтарын InfoKazakhstan.kz платформасы арқылы ала алады. QR-код жалпы 4 мәртебені көрсетеді: жасыл, көк, сары және қызыл.

«Келуші телефонына «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп, телефон нөмірімен тіркеп, ЖСН енгізіп, мекеменің QR-кодын сканерлеу қажет. Сондай-ақ, шығу кезінде де QR кодын сканерлеу керек. Мобильді қосымшадан QR кодты сканерлегеннен кейін келушінің мәртебесі түсті форматта жанады, ол адамның індетті жұқтырғандығын немесе жұқтырмағандығын көрсетеді», - деді Маңғыстау облысы сауда және кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Мұқанбетжан Көбеген.

Өңірімізде карантин шаралары жеңілдетілгеннен бастап кәсіпкерлік субъектілердің 75% немесе 650 кәсіпкерлік субъектісі карантин талаптарына сақтай отырып бастады. Маңғыстау облысында қызмет көрсету саласында 185-ке жуық кәсіпкерлік субъектілері бар.

Бұл жобаның бір ерекшелілігі, егер өңір «қызыл» аймақта орналассада «Ashyq» жобасына қатысушы кәсіпкерлік субъектілері жұмысын жүргізе береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер