astana-view

Кәсіби біліктілікке қатысты заң жобасына ұсыныстар мен ескертпелерді 26 сәуірге дейін енгізуге болады

2021 жылғы 21 Сәуір
6762 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Кәсіби біліктілік туралы» ҚР заң жобасының тұжырымдамасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіби біліктілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қарауға келіп түсті

 Таныстырылған тұжырымдамаларда біліктілікті дамыту, соның ішінде әдістер мен растаулар мәселелері, сондай-ақ ұғымдық аппаратты белгілеу, барлық мүдделі тараптардың (мемлекеттік органдар, ҰКП, Мамандар, жұмыс берушілер, кәсіподақтарды сертификаттау орталығы)  рөлі мен жауапкершілігін бөлу мәселелері қамтылған.

 Айта кету керек, аталған заң жобалары біліктіліктерді дамытуға, тұстастай алғанда адами капиталды дамыту арқылы экономика салаларының жетілуіне, соның ішіне кадрларды дайындау және қайта дайындау сапасы, біліктілікті тану рәсімдері сапасына оң әсер етеді.

 Жоғарыда мәлімететр және таныстырылған тұжырымдамаларды қарау мерзімдерінің тығыздығына байланысты өз ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңызды 26 сәуірге дейін d.zhumatayev@atameken.kz электронды поштаға жіберулеріңізді сұраймыз.  

 Анықтама ақпарат: 8 701 611 11 48

Тұжырымдамалар

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер