astana-view

«Ақтау» спорт клубы» жедел басқару құқығы негізінде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы

2021 жылғы 23 Сәуір
8360 просмотров

Мемлекеттік қатысумен заңды тұлғаларды құру бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Қорытындылар беру регламентіне сәйкес қоғамдық талқылау мақсатында Теміртау қаласы Ақтау ауылы әкімі аппаратына қарасты «Ақтау» спорт клубы» жедел басқару құқығында мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәспорын құру туралы сұратым жарияланды.

 Қызмет ету ауқымы: Қарағанды облысы Теміртау қаласы Ақтау ауылының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде.

 Құрылтайшы (акционер) – Қарағанды облысы Теміртау қаласы Ақтау ауылы әкімінің аппараты.

 Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Теміртау қаласы Ақтау ауылы,  Индустриальная көшесі, 4Б үй.

 Қойылған мақсатты іске асыру жарлығының 14-тармағына сәйкес кәсіпорын келесі қызмет түрлерін орындауды жоспарлаған:

 1) баланстағы спорт нысандарын күтіп ұстау және пайдалану, сол нысандарда спорттық жарыстар және басқа да бұқаралық мәдени, спорттық және ойын-сауық, оның ішінде коммерциялық негізде іс-шараларды өткізу;

 2) балаларға арналған алаңдар, жасөспірімдер мен жастарға арналған спорттық клубтары және қоғамдық пайдалануға түрлі нысандағы алаңдарды құру, әдістемелік қамтамасыз ету және техникалық жабдықтауға қатысу, халықтың барлық топтарын тұрғылықты жері бойынша жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға тартудың басқа жолдарын қалыптастыру;

 3) спорттық нысандар және құрылғылар, спорттық форма, символика және атрибутикаға арналған табельді жабдық пен мүкәммалды сатып алу, дайындау және жалға беру;

4) аула мен жасөспірімдер спорт корттары мен алаңдары орналасқан жерлерде спартакиада, спорт жарыстары, турнирлер және басқа да спорттық шараларды, сондай-ақ жалпықалалық спорттық-насихаттау, сауықтыру шараларын ұйымдастыру және өткізу;

 

 5) спорт түрлері бойынша Ақтау аулының спорттық командаларын ұйымдастыру және қаржыландыру, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;

 6) Ақтау ауылының құрама командаларына жақын резервтегі спортшыларды даярлау, келешегі бар спортшылар және жаттықтырушылармен келісім-шарт жасау;

 7) Ақтау аулының құрама командасын түрлі жарыстарға дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, қаржыландыру және өткізу, спортшылар, жаттықтырушылар мен төрешілерді даярлау;

8) спорттық-медициналық қызметтер мен денсаулық сақтау қызметтерін, оның ішінде коммерциялық негізде ұсыну;

9) салауатты өмір салты, дене шынықтыру мен спорт, туризм мен ашық ауада белсенді демалысты насихаттау, спорт саласында жарнама мен ақпараттық, баспа қызметі;

 10) осы салада басқа ұйымдар, басқа да балалар, жасөспірімдер, жастар мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар, оның ішінде шетелдік ұйымдармен ынтымақтасу.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер