astana-view

Атырауда «Бастау Бизнес» жобасының алғашқы легі басталды

2021 жылғы 27 Сәуір
- Атырау облысы
9743 просмотров

Биыл өңірде барлығы 1000 адамды оқыту жоспарлаған

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жұмыссыздар; еңбекке жарамды мүгедектер; жастар, аз қамтылған отбасылардың мүшелері; зейнет жасына жетпеген ауылшаруашылық кооперативтерінің мүшелері, қоныс аударғандар мен қандастар , сонымен қатар кәсібін кеңейткісі келетін кәсіпкерлер қатыса алады.

 Оқу бірнеше кезеңнен тұрады, ұзақтығы 21 күннен аспайды. Оқу нәтижесі бойынша сертификат беріледі, бұл құжат бойынша қатысушылар кәсіп бастауға мемлекеттік грант немесе жеңілдікпен несие алу мүмкіндігіне ие болады.

 «Биыл оқу «Atameken Academy» платформасы арқылы онлайн өтеді. Бірінші лекте 291 адам оқуға қатысады. Барлығы 5 лек өткізіп, 1000 адамды қамту жоспарланған. Оқуға қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына хабарласу керек, онда мамандар сіздің мақсатты аудаторияға сәйкес келуіңізді тексереді. Оқуға жолдама беріледі. Жұмыспен қамту орталығына жеке куәліктің көшірмесін апару керек. Сондай-ақ қатысуға өтінімді atameken.co сайтына жолдап, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі мен жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманы жүктеу керек немесе ӨКП Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгіну керек», – деді Атырау облысы ӨКП Бизнесті қаржылай емес қолдау бөлімінің жетекшісі Жанаргүл Жоламанова.

  Еске салсақ, «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлік негіздеріне оқуды «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдан бері жүргізіп келеді. Осы уақыт ішінде «Бастау» жобасымен өңірде 6 мыңнан астам оқып шықты, соның ішінде 2 мыңнан астам адам жеке кәсіп ашты. Төрт жыл ішінде қаржыландырудың жалпы көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.

 Жобаны іске асыру кәсіпкерлік субъектілері санын өсіріп қана қоймай, жұмыс орындарының құрылуына жағдай жасауда. Атырау облысында 4 жылда 3 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер