astana-view

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

2021 жылғы 04 Мамыр
- Маңғыстау облысы
7451 просмотров

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған Тәжімұрат Найзабеков төрағалық етті.

Онда бірқатар мәселелер талқыланды. Алдымен өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы проблемалар айтылды. Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл осы мәселелерге кеңінен тоқталып өтті. "Қазір Маңғыстауда сырттан келетін жұмыс күшінің азаюына байланысты егіншілік саласы құлдырап барады. Жергілікті тұрғындар арасында бұл саланы жетік білетіндер тым аз. Күн сәулесінен қуат алатын қондырғыларға субсидия қарастырылмаған. Еліміздің кейбір аймақтарында заңға қайшы әрекеттер жасалуы салдарынан 80% субсидиялау шщарты тоқтап қалды. Кәсіпкерлерге құдық қазуға субсидиялау жайы қарастырылып жатыр. Облыс әкімі жергілікті бюджеттен 30% көтеруге дайын, енді республикалық қаражаттан 50% субсидияланса, құдықшыларға барлығы 80% субсидия бөлуді жоспарлап отырмыз",- деді ол.
Ал, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы директорының агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасары Бақтыбай Ізімтаев өз сөзінде пандемия салдарының Маңғыстау облысындағы ауылшарушылығына айтарлықтай кері әсері болмағанын айтты. 2021 ж наурыздағы шығарылым-3,1 млрд тг, нақты индекс көрсеткіші-102,3% болды. 2020 жылы бұл көрсеткіш 100% құраған еді. "Ауылшарушылығы кешенін 2020-2026 жылдары дамыту" тұжырымдамасы дайындалды. Алдағы 5 жылда тиімділікті 2,5 есе ұлғайту, 4,1 трл тг инвестиция тарту, ауылшаруашылығын мамандармен қамтуды 2 есе арттырту тапсырмасы бар. Маңғыстау облысының басқа өңірлерден ерекшелігін көрсету үшін арнайы комиссия шақырту қажет. Алматыдан жұмыс тобы келсе, заң нормаларына табиғи, жеке жағдайлардың мүмкін емес болатын көптеген өзгешеліктерді көрсетуге дайынбыз. Асыл тұқымды мал өнімділігін арттыру, Құдық қазу тереңдігін 375 м асырмау талаптарын көтеру қажет",- деді Бақтыбай Нахуұлы.
Ал, Өңірлік кеңестің 2020 ж. қолға алған мәселелерінің орындалуы туралы Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Аққу Айтжан айтып өтті. Энергия компаниясы тарифтерінің өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға әсері туралы Өңірлік кеңесінің мүшесі Юсуп Шахшаев көтерді. Оның айтуынша, "Маңғыстау жарық" мекемесі 2021 ж. 1 сәуірінен электр қуатының 1 кВТ - 22.61 тг деп белгіледі. Оның ішінде сол 1 кВт үшін "МАЭК-Қазатомпромға" 13,68 тг, МРЭК-ке- 5,93 тг, РФЦ-1,38 тг осылайша ортадағы делдал кәсіпорындарға бөлінеді. Ортадағы делдалдар не үшін қажет? Бір электр қуатын жеткізуге 5-6 кәсіпорынның қаржы табуын қалай түсінеміз? Неге бұрынғыша бір ғана "МАЭК-Қазатомпроммен" келісімшарт жасап төлемейміз. Бұл бизнеске біршама жеңілдік болар еді. Пандемиядан тоқыраған кәсіпкерлерге мұның өзі салмақ болып отыр. 1 кВт-22,61 тг бір қарағанда аз болып көрінуі мүмкін, бірақ оны бірнеше мың кВт көбейтіп көрсең оңай емес. Тарифтердің тығыраққа тірейтін түрі бар",- деді кәсіпкер.
Бұдан бөлек "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның біліктілік әлеуетті өнім берушілерінің тізілімі, "Қошқар ата" қорымындағы зияраттаушыларға арналған қонақ үйінің эскиздік жобасы, "Атамекен" ҚР ҰКП тізіліміне енгізу үшін мамандарды сертификаттау орталығының құжаттарын қарау тақырыптары көтерілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер