astana-view

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы және Экономикалық тергеу департаменті Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2021 жылғы 21 Мамыр
- Жамбыл облысы
7029 просмотров

Бүгін 2021 жылдың 21 мамырында ҚР Қаржы мониторингі жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша  экономикалық тергеу департаменті және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, заңды және жеке тұлғалардың қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру көлемін төмендету, сондай-ақ банкоматтарда берілген ақша сомасының өсуіне жол бермеу, адал кәсіпкерлерді қолдау, экономикалық және қаржы салаларындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл арқылы облыстың экономикалық саладағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында қаржы мониторингі органдары мен өңірдің бизнес-қоғамдастығы арасындағы ынтымақтастық деңгейін арттыруға бағытталған.

 Құжатқа қол қою барысында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша 2021 жылдағы іс-шаралар жоспары талқыланды. Тараптар кәсіпкерлер және екінші деңгейлі банктер өкілдерімен құқық қорғау қызметінің маңызды мәселелері және «Заңсыз ойын бизнесі», «Жалған ақша жасау», «Салық төлеуден жалтару», «Екінші деңгейдегі банктерде ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырудың криминалдық схемаларына қарсы іс-қимыл» тақырыптарында заңнама нормаларын түсіндіру бойынша тоқсан сайын дөңгелек үстел өткізуге уағдаласты.

 Экономикалық тергеу департаменті жетекшісінің орынбасары Дәурен Мамытов және ӨКП директоры Еркін Атымтаевтың пікірінше,  Меморандум жүйелі проблемалар мен кедергілерді анықтау және адал кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер