astana-view

Павлодарда 8 кәсіпорын ҚХР импорттаушылары тізіліміне кірді

2021 жылғы 24 Мамыр
- Павлодар облысы
10527 просмотров

Сыртқы нарыққа кедергісіз шығу үшін ауыл шаруашылығы фирмалары бірқатар міндетті процедурадан өтті.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов кәсіпорындар экспортталатын өсімдік шаруашылығы және тамақ өнімдеріне фитосанитарлық талаптарға сәйкесітікті растауы қажеттігін айтты.

 «Атамекен» Өңірлік палатасы отандық тауарды шет елдердің нарығында ілгерілету бойынша қолдау көрсетеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚХР Бас кеден басқармасының белсенді ынтымақтастығы нәтижесінде Павлодар облысы бойынша ҚХР импорттаушылары тізіліміне павлодардық 8 кәсіпорын кірді», – деді Серік Сәдуақасов.

 Өңірде Қытай Халық Республикасына өз өнімін «Ертіс Агро» ӘКК, «Арго» ЖШС, «КХ «Пахарь» ШҚ» ЖШС,  «Жандос KZ» ЖШС,  «KAZAGRO-PRO» ЖШС, «Real Trades» ЖШС, «Ruby TRANS» ЖШС, «Greenland Invest» ЖШС экспорттай алады.
Ауыл шаруашылығын экспорттаушы компаниялардың бірі – «Жандос KZ» ЖШС.
«Жандос KZ» ЖШС жетекшісі Жанар Серімова фирма 2016-2018 жылдар аралығында 5 мың шаршы метр ауданда ұн тарту кешінін салғанын айтты.

«2019 жылы біз «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын пайдаланып, ұн тартуға қажетті жабдықты сатып алу үшін 160 млн теңгеге несие алдық. Бұдан бөлек, жобаға 150 млн теңгеге жуық жеке қаражат салынды. Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 120 тонна өнімді құрайды. Бізде 11 адам еңбектеніп жатыр», – деп атап өтті кәсіпкер.

 2020 жылдың наурыз айынан бастап кәсіпорын өз өнімін Ауғанстан, Қырғызстан және Түрікменстанға экспорттай бастады. 2021 жылдың ақпан айынан бастап «Жандос KZ» ЖШС Қытай Халық Республикасының импорттаушылары тізіліміне кірді. Кәсіпорын кеңес алу, жобаны сүйемелдеу, сонымен қатар тауардың шығу тегін сертификатын алу шін Өңірлік кәсіпкерлер палатасына бірнеше рет жүгінген болатын.

 Павлодар облысы ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімі өсімдік шаруашылығы саласындағы келесі дақылдарды Қытайға экспорттауға қызығушылық танытып отырған кәсіпорындар тізімін құрып жатыр:   
 • Жоңышқа пішені;

• Арпа

• Жүгері

• Зығыр ұрығы

• Рапс күнжарасы

 • Соя бұршағы

 • Бидай кебегі

 • Бидай ұны

 • Бидай жемдік ұны – қоспа жем

 • Бидай.

Толық ақпаратты Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасынан алуға болады, мекенжайы: Павлодар қаласы, Луговая көшесі 16, 319-кабинет, немесе телефон: 8 (7182) 66-03-11 (ішкі: 5512, 5526).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер