astana-view

Кәсіпкердің мәселесі үш жыл өткен соң шешілді

2021 жылғы 02 Маусым
- Павлодар облысы
6676 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында екінші рет «Дихан Әбілов» ЖШС проблемасын көтерді.

Кәсіпкер балық шаруашылығын қолға алмақ. Мұндай кәсіп түріне сұраныс бары анық, сондықтан өкілетті мемлекеттік органдар тарапынан көмек, атап айтқанда жер телімі қажет.

 Алайда, мәселе тым күрделі. Сонау 2019 жылы Қанат Әбілов өзінің жер телімі орналасқан Павлодар облысының уәкілетті органы көмегіне жүгінген. Алайда кәсіпкердің балық өсіруге жер телімін алуға қатысты бірнеше рет өтініш жасауы қараусыз қалды.

 Бастапқыда шенділер бұл жер телімі: Павлодар қаласына ма, жоқ әлде Павлодар ауданына ма қай бөлімге қарайтынына қатысты жауап бере алмады. Кәсіпкер өзі осы мәселені шешіп, жердің аумақтық тиесілілігін тапқан соң шенеуніктер кәсіпкерге жерді уақытша пайдалануға конкурс өткізуге уәде берген.

Кәсіпкер уәде етілген байқауды көп күтті. Содан кейін оған балық шаруашылығына берілмек жер ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады, яғни жалға беруге болмайтыны жайында жауап берілген.

 Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бұл ақпаратты тексеруге кірісті, Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына тиісті сұратым жолдады.

 «Алынған жауапқа сәйкес, сұралған жер телімі «Ертіс өзенінің алқабы» мемлекеттік табиғи қорықтың аумағында орналасқаны анықталды, онда белгілі бір шектеулерді ұстанумен шаруашылық қызметті атқаруға рұқсат. Осылайша, сұратылып отырған жер телімін алуға болатыны анықталды. Бұдан басқа, Кеңестің өткен отырысында жер қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілдері аталған жерлерді басқа жер пайдаланушылар иеленіп отырғанын мәлімдеді. Алайда, кәсіпкердің қолында мемлекеттік жер кадастрында аталған жер теліміне құқықтардың тиесілігі туралы мәліметтер жоқ екені туралы анықтамасы бар», – деді кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Мүбәрак Жақыпов.

 Бизнес субъектісін бұрыс ақпараттандыру оның уақытын ұрлап, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі келтірді. Кеңестің екі отырысы нәтижесі бойынша тараптар кәсіпкермен «дөңгелек үстелде» Павлодар қаласының жер қатынастары бөлімі,  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және балық аулаудың аймақаралық инспекциясының қатысуымен заңнама талаптарын ескере отырып, балық шаруашылығын жүргізу жобасын іске асырудың ықтимал нұсқаларын талқылау бойынша шешім қабылдады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер