astana-view

Өңірлік кеңестің жаңарған құрамы іске кірісті: аймақ басшысымен алғашқы кездесу

2021 жылғы 03 Маусым
- Жамбыл облысы
4909 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасынің Өңірлік Кеңесінің жаңа құрамы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесіп, кәсіпкерлікті жүргізу жолындағы кедергілер мен проблемалық сұрақтарымен бөлісті.

ҚР «Еңбек ері», Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы  Мұқаш Ескендіров омарта шаруашылығының қарқыны жайлы сөз қозғады.

«Жамбыл облысында омарташылар қауымдастығы құрылған болатын.  Қауымдастық мүшелерінің саны 100-ден астам. Осы уақытқа дейін ара өсірушілер еш жерде тіркелмеген етін, ал бүгінгі таңда қауымдастықтың барлық қатысушылары жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Облыста бал ара шаруашылығымен 200-ден астам субъект айналысады, шашамен 12 000 бал ара ұясы бар, 2020 жылы омарташылармен 600 тоннадай бал өндірілді. Облыстың қажеттілігі жылына 6,7 мың тонна балды құрайды. Егер жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау болса, облыстың омарташылары одан да көп өнім өндіре алар еді» - дейді Мұқаш Зұлқарнайыұлы.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Халықаралық Тараз инновациялық институтының» ректоры Саурықов Ерболат Баиузақұлы балық шаруашылығын дамыту үшін нысаналы мақсатын өзгерту мәселесін көтерді.

«Жамбыл облысының әкімдігі Жамбыл облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын әзірлеп, бекітті. Бағдарламаның негізгі міндеті жаңа өндірістік қорларды ынталандыру және құру болып табылады.Алайда, "Белдерсай" шаруа қожалығы  мысалында айтқым келетін осы бағдарламаны іске асыруды тоқтататын проблемалар бар. "Белдерсай" ШҚ басшысы Н.Есенқұлов балық шаруашылығымен айналысуды жоспарлады, онда құрылыстар каскадтардан тұратын, жер учаскесін 4 метрге, көлемі 60-40 метрге, 3 бассейн мөлшерінде тереңдету есебінен болатын. Осыған байланысты, ол Жамбыл ауданы әкімдігіне жалпы ауданы 5,85 га болатын ауданы 0,7227 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін жүгінді. Кәсіпкердің өтініші бойынша Жамбыл ауданының ЖАО ҚР Жер кодексінің 97-бабы 3-тармағының талабы негізінде нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартты, яғни балық өсіру ауыл шаруашылығы қызметі саласына жатпайтындығымен өз бас тартуын уәждеді. Алайда, балық шаруашылығы құрылыстарына қызмет көрсету Ауыл шаруашылығын жүргізуге жатады, бұл ҚР Статистика агенттігінің 01-03-бөлімнің А секциясының 20.05.2008 жылғы №67 бұйрығымен бекітілген Экономикалық қызмет түрлерінің номенклатурасымен регламенттелген» - деп айтты Кеңес мүшесі.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Аулие Ата Феникс» ЖШС директоры Фарида Джунусова да осы балық шаруашылығын дамыту және несиелендіру мәселесін көтерді.

Айтуынша, бүгінгі таңда Жамбыл облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бекітілген бағдарлама аясында, инвестициялық салымдарға, техника мен жабдықтар, шабақтар мен жем-шөп базасын сатып алуға, несиелендіру құралдары өкінішке орай қарастырылмаған. Екінші деңгейлі банктердің шарттарын ескеретін болсақ, қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несие алған жағдайда қаражатты өтеу кестесі  ай сайынғы төлеммен бекітіледі, ал шабақтарды тауарлық салмаққа өсіріп жеткізу циклы кем дегенде жарты жылды құрайды, бұл төлем кестесі шаруашылықтар үшін қолайсыз болып табылады. Осыған байланысты, "Атамекен Тараз "МҚҰ" ЖШС немесе "Тараз МҚҰ" ЖШС сияқты микроқаржы ұйымдары арқылы икемді төлем кестесімен балық шаруашылықтарын несиелендіруге жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қажет.

Әлеуметтік нан бағасын арзандату үшін әлеуметтік ұн алу қажеттілігіне қатысты Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, "Агропродхлебснаб" ЖШС директоры Жақсыбек Қасымбеков сөйледі.

«Нан-тоқаш өнімдерін шығаратын кәсіпорындар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін нан –тоқаш өнімдерін төмендетілген бағамен сату процесінде әлеуметтік нан бағасын арзандату үшін әлеуметтік ұн алуға мұқтаж. Мысалы: Тараз қаласында наубайханалар арзандатылған әлеуметтік ұнның қажеттілігі мен көлеміне сәйкес "Тараз" әлеуметтік корпорациясына өтінім беруі тиіс. Кейіннен сату және халықты әлеуметтік төмендетіліп белгіленген бағадағы нанмен қамтамасыз ету үшін. Іс жүзінде Тараз қаласынан басқа ешкім бұл көмекті ала алмай отыр» - деп атап өтті кәсіпкер.

Ол мәселен Меркі ауданының наубайханасын әлеуметтік ұнмен қамтамасыз етуге қажеттіліктің жоғары болуына байланысты, Жамбыл облысының тұрақтандыру қорынан өңір халқының аз қамтылған топтары үшін әлеуметтік нанның өзіндік құнын төмендету мақсатында, жоғарыда айтылған наубайханаларға қажеттілік бойынша әлеуметтік ұн жеткізуді келісу қажет деген ұсынысын ортаға салды.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, "Білім" кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі ЖШС директоры Жанат Ертаева ата-ана төлемақысының мөлшеріне қатысты сауалын қойды.

«Ата-ана төлемақысының мөлшерін жыл сайын Тараз қаласының әкімдігі мектепке дейінгі тәрбиеге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысымен бірге бекітеді. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ата-ана төлемақысының мөлшері 12000 теңгеден 35000 теңгеге дейін өзгеріп отырды, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін барлық балабақшалар үшін 10000 теңге сомасында ата-ана төлемақысының бірыңғай мөлшері белгіленді. Ата-ана төлемақысы баланың тамақтануына жұмсалатын шығындарды өтеуге бағытталған, онда бір балаға күніне 500 теңге (таңғы ас, түскі ас, түскі ас және кешкі ас) жұмсалады, бір тамақтануға 125 теңге шығады. 2021 жылғы наурызда ҚР Ұлттық экономика министрілігі Статистика комитеті азық-түлік бағасы 2019 жылмен салыстырғанда 45%-ға өскенін хабарлады. Бұл дегеніміз, 10000 теңге мөлшерінде бөлінген сома тамақтану шығындарын өтемейді және кәсіпкерлер шығынға ұшырауға әкеліп соғады, өйткені олар тамақтану бойынша санитарлық нормаларды сақтауға міндетті. Азық-түлік бағасының өсуін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар  2021 жылғы азық-түліктің орташа статистикалық бағасын негізге ала отырып, ата-ана төлемақысының мөлшерін қайта қарауы қажет деп санаймын» - деді бизнезвумен.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, Бизнесті индустрияландыруға жәрдемдесу Палатасы қауымдастығының төрағасы Латиф Айдаров  инфрақұрылымдық объектілерді салу мен қайта жаңартуды бастау және қалаішілік автокөлік жолдарының құрылысы туралы КҚС субъектілерін алдын ала хабардар ету мәселесін көтерді.

«Өңір белсенді, серпінді дамуда, инфрақұрылымдық объектілердің құрылысы мен қайта жаңғыртылуы жүргізілуде және қалаішілік автокөлік жолдарының құрылысы. Инфрақұрылымдық объектілерді дамыту жобаларын іске асыру кезінде құрылыстың экономикалық белсенді аймақта жүргізіліп жатқаны, бизнес субъектілері жұмыс істеп жатқаны ескерілмеді . Мемлекеттік органдар да, инфрақұрылымдық объектілердің иелері де, ал бұл негізінен монополия субъектілері, мұндай объектілерді салу кезінде бизнес субъектілерінің қызметін белгісіз кезеңге тоқтата тұратынын назарға алмайды. Бұл кірістердің, жұмыс орындарының, салық аударымдарының жоғалуына әкеледі.Мысалы ретінде, Қойгелді көшесінде орналасқан бизнес субъектілерді қарауға болады, 2019 жылда субъектілер 6 айдан астам жылу трассасының құрылысына байланысты қызметтерін тоқтаткан, ал 2020 жылы карантин басталды. Осы орайда, жоғарыда айтылғандардың негізінде біз  инфрақұрылымдық объектілерді салу және реконструкциялау және қалаішілік автокөлік жолдарының құрылысы бастау туралы ақпарат бизнес субъектілеріне, жобалау, құрылыс және пайдалануға беру кезеңінде барлық интернет-ресурстар мен БАҚ-та қол жетімді болуға ұсынамын» - деді ол.

Ал, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Злиха» шаруа қожалығының басшысы Керімқұл Бегалиев жер асты суын тиімді пайдалану, тамшылап суару әдісін қолға алу, сондай-ақ мал азығы жем-шөптің бағасының қымбаттауына қатысты сөз алып, орамды ойларын ортаға салды.  

"Сіздер көтерген мәселелердің әрқайсысы жан-жақты сараланатын болады. Қазірдің өзінде ара шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамыту бойынша нақты шаралар қабылдануда. Елімізде балық өсірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған, бірақ бұл туралы көбі біле бермейді. Балық шаруашылығы басшыларына мемлекеттік бағдарламалар туралы жеткізу керек. Ара шаруашылығын дамытуға келер болсақ, мен ауыл шаруашылығы басқармасына омарташыларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырдым. Сондай-ақ, облыстың омарташылар қауымдастығының жұмысын жандандыру қажет", - деп қорытындылады аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер