astana-view

Таразда 376 бизнес субъектісі "Ashyq" жобасына қосылды

2021 жылғы 08 Маусым
- Жамбыл облысы
8182 просмотров

Жамбыл облысында кәсіпкерлер арасында «Ashyq» жобасына қатысушылар саны артып келеді. Бүгінде QR алған 376 бизнес нысаны жоба бойынша жұмыс істеуде.

«Салаларға қарай қатысты айтатын болсам, қоғамдық тамақтану-239, спорттық нысандар-9, спа орталықтары, моншалар мен сауналар – 16, фитнес-орталықтар – 20, мәдениет объектілері – 13, компьютерлік клубтар-20, бассейндер-10, қонақ үйлер – 6, облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар -1, лотоклубтар -6, еріктілер-36. Бүгінгі күні Тараз қаласы бойынша жобаның чекиндерін қолдану бойынша көшбасшы 10-нан астам қосамдық тамақтану орталықтары бар, ол жерде 1000-нан астам чекин тіркелген. Ад, жобаның аутсайдерлері 20 чекиннен кем тіркелгендер болып табылады. Онымен қоса, 26 cәуірден  бастап бүгінге дейін «Қызыл» статусты – 8, «сары» – 26 келуші статусы анықталды» - деп атап өтті Еркін Атымтаев.

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы тұрақты негізде "Ashyq" мобильді қосымшасын енгізу қажеттілігі туралы кәсіпкерлерді хабардар етіп отырады. Атап айтқанда, бүгінгі күні Жамбыл облысы бойынша "Ashyq" жобасы бойынша облыстық "Жамбыл ТВ", «77ТВ», «Тараз24», «Атамекен бизнес» арналарында ақпараттық сюжеттер мен роликтер әзірленді, әлеуметтік желілерде 300-ден астам материалдар мен посттар әзірленді.

Бүгінгі күні Палата облыстың аудандары үшін «Ашық» жобасына енгізу бойынша қадамдық нұсқаулық әзірленді, онда барлық үлестірме материалдар қосымша жіберілетін болады.
Айта кетейік, 2021 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы бекітілді.

Онда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне "Ashyq" қосымшасының үздіксіз жұмысын және анықталған "сары/қызыл" мәртебесі бар келушілерді "Ashyq", "Aitu" ақпараттық жүйелері арқылы күн сайын түсіруді және "қызыл/сары" мәртебесі бар жеке тұлғаларға COVID-19-ға оң ПТР талдаудың болуы туралы және науқастардың жақын байланыстары туралы смс-хабарламаларды беруді қамтамасыз ету айтылған.

«Тараз қаласының және Жамбыл облысы аумағында орналасқан бизнес субъектілерді барлық сақтық шараларын сақтап, жоба шеңберінде жұмыс істеуге шақырамын! "Ashyq" жобасына ену туралы барлық нұсқаулар мен ақпараттарды Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының құқықтық бөлімінен біле аласыздар. Байланыс телефоны: 8(7262) 555 907, 8(7262) 555 911» - деп қорытындылады Палата басшысы.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер