astana-view

Павлодарлық кәсіпкерлерді «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын пайдалануға шақырамыз

2021 жылғы 09 Маусым
- Павлодар облысы
9799 просмотров

2021 жылдың басынан бастап бағдарлама шеңберінде 4,3 млрд.теңге сомасына 27 жоба қаржыландырылды.
Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов бағдарлама басталғаннан бері павлодарлық кәсіпкерлердің 18,8 жобасы 22,8 млрд. теңгеден астам сомаға қаржыландырылғанын айтты.

«Биыл жеңілдетілген несиелендірудің «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлген қаражаттың жалпы көлемі 1 трлн. теңге. Қаржыландыру көлемі келесі тәртіпте бөлінеді: агроөнеркәсіптік кешенде қайта өңдеу үшін - 300 млрд. теңгеге дейін, агроөнеркәсіптік кешенде өндіріс - 300 млрд.теңгеге дейін, өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсетуде - 400 млрд. теңгеге дейін. Несие мерзімі - 10 жылға дейін. «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ немесе «ДАМУ» Қоры» АҚ субсидияларын ескере отырып, бизнес үшін соңғы мөлшерлеме 6% құрайды, - дейді Серік Сәдуақасов.

Аграрлық несие корпорациясы екінші деңгейлі банктермен қатар агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу секторында несие беру операторы болып табылатынын атап өткен жөн.
Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде облыс кәсіпкерлері қаржыландыру мерзімі 1 жылдан аспайтын көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражаттарын 100% толықтыруға мүмкіндік алады.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қатысуға қатысты барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасына мына мекен-жай бойынша хабарласа алады: Павлодар қаласы, Луговая, 16. анықтама үшін телефон: 8/7182/660311, - деді Серік Сәдуақасов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер