astana-view

Қостанай облысында экоотель ашылды

2021 жылғы 17 Маусым
- Қостанай облысы
9202 просмотров

Өңір үшін бірегей бизнес-жоба мемлекеттің қолдауымен іске асырылды. Жобаны кәсіпке айналдыру үшін Гүлмира Қапенова Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы оқу курсын аяқтап, 5 млн теңге көлемінде грант алды.

Бизнес-ханым ішкі туризмді дамыту саласында білікті маман. Наурызым қорығындағы әйгілі «қызғалдақтар» турлары, түйе фермасына экскурсия, киелі жерлерге саяхат өңірге келушілерді бей-жай қалдырмайтын бағыттар. Ішкі туризмдегі осы бағыттар қостанайлықтар мен өңір қонақтары арасында кәсіпкер ханымның үлес қосуімен таныла бастады. Экоотель – Гүлмира Қапенова және оның командасы – Bestkz.kz білім беру және туризм орталығы қолға алған жобалардың бірі.

Пандемия жағдайында экоотель –  шетелдік демалыстың тамаша баламасы, дейді кәсіпкер. Оның үстіне, Қостанай облысында көпшілікке беймәлім көркем жерлер көп.

 «Экоотель Алтынсарин ауданында Красный Кордон ауылы маңындағы көл жағалауында орналасқан. Шатырлы қалашық 20-30 орынға шақталған. Бұл мобильді демалыс орны, экоотель орналасқан жерін маусым және клиенттердің сұранысына қарай өзгертуге болады. Қонақ үйдің тағы бір артықшылығы – қолжетімді баға. Табиғат аясында демалысты жақсы өткізуге болады. Туризмнің осындай бағыты облыс тұрғындары мен қонақтар үшін қызықты болады деп санаймыз. Қызығушылық бар, шатырларды брондау басталды», – дейді Гүлмира Қапенова.

 Қостанай облысында бизнестің мұндай түрі болмаған. Жоба бүкіл Қазақстанда да жаңаша бағыт.  

 Еске саламыз, «Бизнестің жол картасы-2025» және «Еңбек» бағдарламасымен грант алу үшін Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлік негіздері курстарын оқу керек. Биыл «Бастау» жобасымен өңірде 1 205 тұрғын қамтылмақ. Биыл жеке кәсіп ашуға гранттарды 170 түлек алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер