astana-view

Жуалы аудандық білім беру басқармасы кәсіпкерден 155 мың теңгені өндіріп алмақ болған

2021 жылғы 17 Маусым
- Жамбыл облысы
4309 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасына «Дулат» шаруа қожалығының басшысы Ерболат Әлменбетов жүгініп, Жуалы аудандық білім беру басқармасының әрекетіне шағымданды. Кәсіпкер мектепке жөндеу жүргізіп, жұмысты кешіктіріп өткізген. Карантиндік шектеулер нысанды дер кезінде өткізуге кедергі болған. Алайда Жуалы аудандық білім беру басқармасы  «Дулат» шаруа қожалығын сотқа беріп,  нысанды жөндеу жұмыстары бойынша мерзімі өткен кезең үшін 155 165 мың теңге сомасында тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арыз жазған.

 Аталған талап арыз бойынша Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2021 жылдың 9 ақпанында азаматтық іс қозғады. Жамбыл облысы Кәспкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Бакдаулет Сабиев сотта кәсіпкердің мүддесіне өкілдік етті. 

«Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысының 10-тармағына сәйкес жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер төтенше жағдай енгізу салдарынан туындаған, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған немесе өнім беруші шарттық міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайларда тапсырыс беруші мұндай әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу және оларға айыппұл санкцияларын қолдану жөнінде шараларды қолданбайды», – дейді Палата сарапшысы.

 Осы ретте білім беру басқармасы Қаулыға ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы қаулысымен өзгеріс енгізіліп, онда «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңының 12-бабы 4-тармағына сілтеме (Мемлекеттік сатып алуға заңсыз қатысушылар тізілімінің тізбесі) жасалғанын алға  тартқан.

 «Алайда Қаулыға жасалған түзетулердің бірде бірінде Заңның көретілген нормасына сілтеме жасалмаған, демек, Жуалы аудандық білім беру басқармасының кәсіпкер жұмысты уақтылы өткізбегені үшін сотқа арыздануы негізсіз», – деп атап өтті ӨКП сарапшысы.

 Сонымен қатар сотқа қатысқан прокурор «Жуалы ауданы әкімдігінң білім беру басқармасы» КММ талап арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытынды ұсынды. Бұл іс 4 ай бойы қаралды. Палата сарапшыларының іске жедел араласуы және кәсіпкердің мүддесін сотқа қорғау нәтижесінде  сот 155 165 мың теңге сомасында тұрақсыздық айыбын өндіріп алудан бас тарту туралы шешім шығарды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер