astana-view

Атырауда 400-ге жуық нысан Ashyq жобасына қатысады

2021 жылғы 21 Маусым
- Атырау облысы
4187 просмотров

Жоба іске қосылғалы бері Атырау облысында QR-код алуға 432 нысан өтінім берген

Қазіргі таңда өңірде 26 сәуірден іске қосылған Ashyq қосымшасы бойынша нысандарды тіркеу жұмысы жалғасып жатыр. Осы уақыт ішінде субъектілерден 432 өтінім келіп түсті, соның ішінде 393 нысан өз QR-кодтарын алды.

Еске сала кетейік, Ashyq жобасын енгізудің негізгі мақсаты – коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайларына жол бермеу. Бизнес үшін қосымшаны пайдалану шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Қазіргі кезде Ashyq жобасына қатысып жатқан нысандар қатарында – 18 фитнес орталық және спорт залы, 3 СПА-орталығы, 3 кинотеатр, 6 бильярд клубы, 12 театр, филармония және концерт залы, 8 компьютер клубы, 10 сауна, 2 боулинг клубы, 1 бассейн, 26 лотоклуб, 1 қонақ үй, 2 әуежай операторы, 12 Халыққа қызмет көрсету орталығы, 248 қоғамдық тамақтану орны және 41 ерікті қатысушы, олардың ішінде университет, моншалар, мұражайлар, кітапханалар мен офистер бар», – деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Еркінбек Қаракешов.

 Өңірлік палата өкілдерінің айтуынша, QR-код алған 393 нысан ішінен  316-сы сынақ режимінен өтіп, әкімдік сайтындағы тізімге кірді. 9 нысан соңғы екі аптада келушілерді тіркемегендіктен жобадан шеттетілді.

 «Ashyq жобасына қатысушылардың ең көп саны – Атырау қаласында шоғырланған.  Барлығы 297 нысан. Жылыой ауданында бағдарлама бойынша 32 нысан, Индер ауданында – 18, Құрманғазы ауданында – 11, Қызылқоға ауданында – 10, Исатай және Махамбет аудандарында – 9 нысан және Мақат ауданында – 7 нысан қосымшамен жұмыс істейді. Ashyq жобасы бойынша жұмыс істегісі келетін кәсіпкерлер кеңес алу үшін Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасына немесе оның аудандық филиалдарына бара алады. Тұрғындар байланыс орталығынан 109 қысқа нөмірі бойынша кеңес ала алады» , – деп атап өтті Еркінбек Қарақешов.

Ashyq жобасымен жұмыс істейтін нысандарға келушілер  Ashyq қосымшасымен қатар Aitu, Egov mobile, Kaspi.kz, Halyk Homebank, Sberbank.kz сынды платформаларды қолдана алатынын айта кету керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер