astana-view

Павлодарда «Бастау» түлегі балалардың тіл мүкістігін түзету орталығын ашуға ниетті

2021 жылғы 22 Маусым
- Павлодар облысы
6367 просмотров

 Көп ата-ана баласының сөйлеуінде мүкістік барын байқайды, бала өзінің құрдастарынан қарағанда өзгеше сөйлейтін жағдайға тап болады, бала қысылып, өзгелермен сөйлесуге ұялады, мінезі тұйықталып кетеді. Осындай жағдайда маман көмегі қажет, олардың бірі – логопед-дефектолог.

«Бастау» жобасының түлегі, павлодарлық Меруерт Мауянова бала сөйлеуінде  бұзылыстар – бала дамуындағы кең таралған және ауыр олқылықтардың бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар сөйлеуінде мүкісі бар балалардың саны артып келеді, демек проблема өсу тенденциясын көрсетуде.  

 «Балалық шақта тіл мүкістігі – түрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Тілдік бұзылыстарды нәтижелі түзеу мақсатында мен бірегей кешенді әдістемені әзірледім, әдістеме тіпті ең күрделі жағдайларда: ата-аналар мүгедек баласын әкеліп, барлық әдістемелер нәтижесіз болған уақытта өз тиімділігін көрсетіп жатыр», – дейді «Бастау» түлегі.

 Меруерт Мауянова командасында төрт маман жұмыс істейді. Орталықта қысқа ғана мерзімде дауыс қояды, логопедиялық массаж, тейпирлеу жүргізіледі, кекештік, қылилықты емдейді, бұл көрсетілетін қызметтердің бір сыпарасы ғана.

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Айгерім Амерханованың айтуынша, жоба түлегі, кәсіпкер әйел «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша қаржыландыру алуға бизнес-жоспар дайындап жатыр.

 «Меруерт Мауянованың бизнес-жоспары әлеуметтік жоба деп сеніммен айтуға болады. Дәл осындай жобалар мемлекеттің қолдауына зәру. Кәсіп енді қолға алынып жатқанына қарамастан, бұл жерде мүмкіндігі шектеулі балаларға жеңілдік қарастырылған. Бастауыш кәсіпкер өз арманын орындауға: тіл мүкістігін түзету орталығын ашуға ниетті. Қазір қолданыстағы шағын кабинет барлық балаларға көмектесуге, жаңа мамандарды тартуға аздық етіп жатыр», – деп атап өтті Айгерім Амерханова.

«Бастау» жобасының түлегі сөйлеу бұзылыстарын түзету орталығын ашу үшін оған арнайы орынжай, сонымен қатар балалар, ересектер мен қарттарға ми функцияларын жақсарту үшін нейросенсорлық ынталандырудың ең инновациялық және заманауи бағдрламаларының бірін ұсынатын қымбат Tomatis аппаратын сатып алу қажет дейді.

Меруерт Мауянова өңірде Instagram-да defektolog_logoped_pavlodar парақшамене белгілі, онда маманның «Дейін» және «Кейін» айдарымен жұмыстары көрсетілген.

Айта кету керек маман көмегіне Павлодар өңірінен ғана емес, Қазақстанның басқа облыстары мен шетелден де пациенттер  жүгінеді, оларға онлайн режимде кеңес беріледі.

 «Бастау» жобасының түлегі үнемі біліктілігін арттырып отырады, халықаралық сертификаттарға ие.

 «Мен ұсынған әдістеме бойынша курс аяқтаған соң бала алдағы өсіп-жетілуге мықты серпін алады. Мен үшін ата-аналардың ризашылығы ең үлкен сый. Ал мүмкіндігі шектеулі бала тәрбилеп отырған, емдік шаралардан күдер үзген ата-анадан алғыс есту тіптен қуантады. Өкінішке қарай, тіл мүкістігі балаларда ғана емес, ересектерде бар мәселе. Мысалы, инсульттен кейін тіл күрмеліп қалады. Тіл бұзылыстарын түзету орталығында ересек пациенттер де қабылданады», – дейді Меруерт Мауянова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер