astana-view

Жер қатынастары мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жаңа түзетулер

2021 жылғы 23 Маусым
6556 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП қарауына «Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы келіп түсті.

Заң жобасы шеңберінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске жер учаскелерін сауда-саттыққа қою мерзімдерін бұзғаны үшін жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) лауазымды адамдарының әкімшілік жауапкершілігін айқындау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

 Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның ұсынымдарын іске асыру мақсатында заң жобасы шеңберінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 710 бабына жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органға осындай функциялардың қайтарылуына байланысты жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарды айқындауға қатысты өзгерістер енгізу қарастырылған.

 Тұжырымдама

Ұсыныстар мен ексертпелерді мына электронды поштаға жолдауды сұраймыз: e.abzhan@atameken.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер