astana-view

Ақтөбе облысында 600-ден астам нысан Ashyq жобасымен жұмыс істейді

2021 жылғы 29 Маусым
- Ақтөбе облысы
4779 просмотров

Қазіргі кезде өңірде Ashyq бағдарламасына нысандарды тіркеу жалғасып жатыр. Жоба ағымдағы жылдың 13 маусымында іске қосылды. Осы уақыт ішінде 620 нысаннан өтінім келіп түсті, олардың барлығы арнайы QR-кодтарды алды.

«Ashyq жобасын енгізудің негізгі мақсаты – қоғамдық орындарға коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе науқас адаммен байланыста болған адамдардың келуін болдыртпау. Бизнес үшін қосымшаны қолдану шектеу шаралары, тіпті локдаунға қарамастан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Ashyq жобасына қатысып жатқан нысандар қатарында 18 фитнес орталық және спорт клубы, 13 сауна, бассейн және СПА орталығы, 3 театр, 4 кинотеатр, 8 бильярд, 11 компьютер клубы, 31 лотоклуб, 1 балалар ойын-сауық орталығы, 323 қоғамдық тамақтану орны және 208 ерікті қатысушы бар (университеттер, кітапханалар, кеңселер және т.б.)», – деп хабарлады Кәсіпкерлер палатасының директоры Сұлупан Шынтасова.

 Оның айтуынша, QR-код алған 610 нысан ішінен 424 кәсіпорын және ұйым сынақ мерзімінен өтіп, тізімі облыс әкімдігі сайтында жарияланды. Соңғы екі аптада келушілер санын мүлде тіркемеген 27 нысан жобадан шеттетілді.

«Ashyq жобасына қатысушылардың басым бөлігі Ақтөбе қаласындағы нысандар. Олардың саны 483 бірлік. Мұғалжар ауданында бағдарлама бойынша 35 нысан, Хромтау – 22, Ойыл ауданы – 20, Темір ауданы – 15, Шалқар ауданы – 13, Қобда ауданы – 7, Алға ауданы – 6, Байғанин және Мәртөк аудандарында 5 нысаннан, Әйтеке би, Ырғыз және Қарғалы аудандарында 3 нысаннан тіркелген.  Ashyq жобасымен жұмыс істеймін деуші кәсіпкерлер Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы және филиалдарға хабарласа алады», – деп хабарлады ӨКП өкілдері.

 Айта кетелік, Ashyq жобасымен жұмыс істейтін нысандарға келушілер Ashyq қосымшасымен қатар Aitu, Egov mobile, Kaspi.kz, Halyk Homebank, Sberbank.kz платформаларын қолдана алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер