astana-view

Елорданың ірі сауда орталықтары Ashyq жобасына қосылды

2021 жылғы 30 Маусым
6524 просмотров

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына жобаға қосылу бастамасымен сауда орталықтары өтінім жасады. Енді сауда орталықтарына QR-код бойынша баруға болады.

 Нұр-Сұлтанда қосымшаға қосылған алғашқылардың қатарында Keruen және Mega Silk Way сауда, ойын-сауық орталықтары, сондай-ақ Eurasia сауда орталығы бар. Бұл нысандар QR-кодтарын алды, кіреберістерді дайындап, қосымша арқылы жұмысты істеуді бастады.

 «Бізге жұмыс істеу керек, Ashyq қосымшасын қолданбай  бутиктер мен дүкендерге жұмыс істеу мүмкін болмау тұр. Адамдар табыс табуы үшін осындай шешімге  келдік. Жаңа қаулыға байланысты жұмысымыз тағы шектелді, енді бутиктер кешкі бесте жабылуға мәжбүр. Ал сатылымдардың 47%-ы кешкі бес пен тоғызға дейінгі аралыққа келеді, адамдар табыстан қағылып жатыр. Біз осы жобаға мүдделіміз, адамдар қызметін жалғастыруы үшін бәрін жасаймыз», – дейді Keruen сауда және ойын-сауық орталығының бас директоры Галина Зкрияева.

27 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда бизнеске арналған жаңа шектеулер күшіне енді, соның ішінде сауда және ойын-сауық орталықтарының қызметі жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қысқарып, демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынды. Сауда орталықтарында орналасқан дәріханалар, шағын маркеттер, супермаркеттер мен гипермаркеттер, азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттарды сататын нысандар, Covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау пункттері, Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарына жұмыс істеу рұқсат. Сауда және ойын-сауық орталықтары өкілдерінің айтуынша, жалға алушылар жаңа шектеулерді ауыр қабылдаған.

 «Азаматтар жаңа шектеулерге наразы болды, бірақ Ashyq қосымшасыз біз нысандарға кіргізбейміз. Ал кәсіпкерлер болса қосымшамен жұмыс істеу мүмкіндігіне қуанды, өйткені әркім бизнесін сақтап қалғысы келеді», – деп атап өтті Eurasia сауда орталығының маркетологы Айгерім Ақбаева.

 Қазіргі таңда жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 12 мыңға жуық бизнес субъектісі қатысып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Ashyq мобильді қосымшасы елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін әзірленген. Оның көмегімен қоғамдық орындарға кіру кезінде келушінің статусы анықталады. Бизнес субъектілері үшін жобаға қатысу ерікті нысанда. Сонымен қатар, қосымша бизнеске қатаң карантиндік жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер қала эпидахуал деңгейі бойынша «қызыл» аймақта болса, онда Ashyq қосымшасын қолданатын бизнес нысаны жеңілдетілген шарттармен жұмыс істей алады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер