Жылу энергетикасы субъектілері Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне түзетулер бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады
Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының» 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы (бұдан әрі – тұжырымдамалар) келіп түсті.
Құжат «Жылу энергетикасы туралы» ҚР Заңы жобасына ережелерді бекіту мақсатында әзірленіп, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін технологиялық және өзге де талаптардың сақталмағаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Қолданыстағы заңнамамен жылу энергетикасы саласы субъектілерінің әкімшілік жауапкершілігі мәселесі ішінара қамтылуына байланысты, ӘҚБтК-ні тиісті шаралармен толықтыру жолымен талаптардың бұзылғаны үшін мемлекеттік бақылау және жауапкершіліктің толыққанды жүйесін қалыптастыру ұсынылады.
Тұжырымдама мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9791892
Тұжырымдама бойынша ұсыныстарды Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментіне жіберуді сұраймыз, электронды пошта: khamit00@list.ru
Пікір қалдыру:
Пікірлер: