astana-view

«Атамекен» өңірлік бөлімшелері арасында вакциналау туралы ақпараттандыруды жалғастырады

2021 жылғы 15 Шілде
8945 просмотров

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында өңірлік кәсіпкерлер палаталары қызметкерлері және «Медикер Күлсай» медициналық орталығы мамандарымен COVID-19-ға қарсы вакциналау және ауруды алдын алу мәселелері бойынша онлайн-кездесу өтті.

 Zoom форматындағы кездесуге өңірлік палаталардың 160-тан астам қызметкері қатысты. Жиында вакцинаны қандай критерийлер бойынша таңдау керек, екпені қалай салдырған жөн, асқынуларды қалай болдырмау керегі жайында жалпы сұрақтар қойылды. Мәселен, Шығыс өңірін тыныс демікпесі бар адамдарға екпеден медициналық босатуды қалай алуға болатыны алаңдатты.

 «Шығыс Қазақстанда қолайсыз экологиялық ахуалға байланысты тыныс жолдарының аурулары өршіп кетті. Бізде тыныс демікпесімен науқас 9 мыңнан астам адам бар. Осы азаматтарға екпеден медициналық босату қарастырылған ба деген сұрақ қызықтырады, өйткені бұл тұрғыда дәрігерлердің бірыңғай пікірі жоқ, ал халық ықтимал болатын кері әсерлер туралы алаңдаушылық білдіреді», – деп атап өтті ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Бақытжан Майжеринов.

Мамандар тағы атап өтті – егер созылмалы ауру қатаң бақылауда болып, ремиссия режимінде асқынулар орын алмаса,  вакцина салдыруға болады.  Қатты асқыну болған жағдайда дәрігердің қарауы бойынша екпеден медициналық босату беріледі. Кез келген жағдайда вакцина салдыру алдында дәрігер қарайды. Қарағанды облысында 176 мың тұрғын екпенің екі компонентін алған, бірінші компонентін алғандар саны 330 мың адам. Бұл облыстағы тұрғандардың 40%-ын құрайтын көрсеткіш.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов қазіргі кезде өңірде вакцинаны тұтас ұжым болып алатын кәсіпорындар барын атап өтті. Мұндай мысалдар мейрамхана, ірі дүкендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері арасында кездеседі. Дәрігерлер атап өткендей, егер бұрын өңірде күніне 2000-ға жуық адам екпе салдырса, бүгінде бұл көрсеткіш 6500-ге дейін өсті. Мамандардың есептеуі бойынша жыл соңына дейін Қарағанды облысында COVID-19-ға қарсы вакцинаны 780 мыңға жуық адам салдырады.

 Нұр-Сұлтан қаласы қазір «қызыл» аймақта, елорда және тағы үш өңірде бизнес субъектілеріне қатаң шектеулер күшіне енді. Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов вакциналау және санитарлық талаптарды сақтау – шектеу шараларды жеңілдету және бұрынғы жұмыс режиміне оралудың жолы екенін айтты.

 Ұлттық палата барлық отандық компания және ұйымдар секілді 20/80 принципін ұстанып, қашықтан жұмыс істеу форматын сақтайды және қызметкерлер арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырады. Вакцинация туралы ақпарат мүмкіндігінше егжей-тегжейлі беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер