astana-view

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың басталуы туралы

2021 жылғы 02 Тамыз
- Маңғыстау облысы
14369 просмотров

2021 жылдың 16 тамыз айынан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталатын болады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқыту қатысушылары болып табылады, оның ішінде:

- ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;

- мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;

- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

- сондай-ақ NEET санатындағы жастар;

- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

- қоныс аударушылар және оралмандар.

            Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Оқыту қорытындысы бойынша бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі.

Жоба шеңберінде оқыту үшін қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.

Өтініш беруші https://atameken.co сайтына электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы тіркелу үшін және одан әру оқыту топтарына қабылдану үшін оқуға жолдамамен "Атамекен" ӨКП немесе оның аудандық және қалалық филиалдарына кеңес алуға жүгінеді.

Толық ақпаратты төменде көрсетілген Маңғыстау облысының аудандары мен қалаларындағы орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына хабарласу қажет.

 

Ақтау қаласы, 35 ш / а, "Атамекен "Кәсіпкерлер Палатасы" ғимараты, 1 қабат.; тел. 8 (7292) 30-40-40, aktau@atameken.kz

Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1а, АХАЖ ғимараты. тел. 8(72934) 59 65 9;

Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Центральная көшесі, ескі аурухана ғимараты, 1-қабат. тел. 8(72931) 2 19 40;

Қарақия ауданы, Құрық кенті, 1 шағын аудан, № 52 "а" ғимараты, 1-қабат. тел. 8 (72937) 2 20 10;

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 24 квартал, 13 учаске. тел. 8 (7292) 30 25 27;

Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Қосай ата көшесі, 34в ғимарат. тел. 8(72932) 2 53 67;

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Әбдіхалықов көшесі, 35.

тел.8(72938) 2 30 53.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер