astana-view

«Атамекен» ҚР ҰҚП съезі 23 қыркүйекте онлайн форматта өтеді

2021 жылғы 06 Тамыз
6443 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі – ҰКП) Төралқасы Съезд шақыруға шешім қабылдағанын хабарлайды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезі 2021 жылы 23 қыркүйекте сағат 15.00-де өтеді.

Съезд бейне-конференц байланыс (zoom) пен онлайн дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, онлайн форматта өтеді.

Съезге қатысуға арналған сілтемелер толық нұсқаулықпен қоса, қатысушылардың электрон пошталарына алдын ала жолданады.

Съезд қатысушыларын бейне-конференц байланысқа жəне онлайн дауыс беру жүйесінде тіркеу (авторизациялау) 2021 жылғы 23 қыркүйекте сағат 13.00-де басталып, 2021 жылғы  23 қыркүйекте сағат 15.00-де аяқталады.

Күн тəртібінде:

1. ҰКП-ның кейбір ішкі құжатына өзгерістер енгізу және оларды бекіту;

2. ҰКП басқару органдарының кейбір мәселесі;

3. ҰКП Ревизиялық комиссиясының жылдық есебін бекіту;

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жататын ҰКП қызметінің қорытындысы бойынша жыл сайынғы есепті бекіту;

5. Міндетті мүшелік жарналарды төлеудің кейбір мәселесі;

6. Өзге де мəселелер талқыланады.

Күн тəртібіндегі мəселелер бойынша материалдар Съезд қатысушыларының атына электрон байланыс арқылы Съезд өткізілетін күнге дейін қосымша жолданады.

Анықтама телефондары: +7 (7172) 91-93-00, 1432

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер