astana-view

Ashyq жобасына қатысушылар саны 5 есе артты

2021 жылғы 16 Тамыз
4325 просмотров

Елімізде жобаға кіру алгоритмі оңайлатылған соң 20 күн ішінде 80 мыңнан аса кәсіпкер QR-код алды.

2021 жылғы 28 шілдеден бастап «Атамекен» жобаға кірудің жеңілдетілген режимін енгізді. QR-код алу процесі 5 минутқа дейін қысқарды. Нәтижесінде қатысушылар саны 21 мыңнан 111 мыңға дейін көбейді. Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері – 20,4 мың қатысушы, Алматы – 12 мың, Қарағанды облысының кәсіпкерлері – 11,4 мың субъект жобаға барынша белсенді қатысып жатыр.

Ұлттық палата жобаның шартын орындамаған нысанды уақытша шығарып тастау мүмкін екенін еске салады:

- егер мониторинг топ жобаға қатысуға қойылатын талаптардың бұзу фактін анықтаса және растаса;

- нысан келушілерді үш күннен артық тексермесе – check-in жасамаса, кәсіпкерлік субъекті жобадан шығарылады.

Мониторинг топ рейдінің нәтижелері бойынша жұмыс алгоритмін бұзған қатысушы жобаға екі аптадан ерте орала алмайды. Қайтадан бұзған жағдайда екі айға шеттетіледі.

Сондай-ақ, адал кәсіпкерлер Ashyq мобильдік қосымшасының көмегімен «қызыл» статуспен 29,9 мың адамды, «сары» статуспен 16,1 мың  адамды анықтады. Қосымшаны енгізген сәттен бастап 4 млн-нан астам қазақстандық бағдарламаны пайдаланды. Сайттағы QR-тест арқылы науқастарды анықтау өсіп жатыр. Қазір күн сайын «қызыл» мәртебесі бар 8 мыңға жуық адам тіркеледі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер